Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Шымкентте Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина кластерін бітіруші түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Білікті маманға қай кезде де сұраныс жоғары болатыны белгілі. Бұл іс-шарада аудан-ауылдардан бөлек  Тараз, Балқаш, Қарағанды қалаларындағы аурухана өкілдері де арнайы келіп, жас түлектерді өз өңірлеріне қызметке шақырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SQcKYvUgSIg[/youtube]

1

2

«Жамбыл облысына 216 маман жетіспейді. Оның 99-ы облыс орталығы Тараз қаласына қажет. Жамбыл облысы 10 ауданнан тұрады. Сарысу және Талас аудандарына барған түлектер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 300 мың теңге көлемінде ақшалай көмек пен пайызсыз несие беріледі» дейді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы кадр бөлімінің бас маманы Дәулет Ахметбеков.

3
4
6

Университеттің түлегі Мөлдір Алашова «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша кез келген ауылға баруға ниетті. 7 жыл оқып-тоқыған білімімді ауыл адамдарының сырқатына сеп болып, емдеп-жазып, медицинасын көтеруге жұмсағым келеді дейді ол.

5

Бүгінгі жәрмеңкеде 300-дей бос орын ұсынылды. Ал екі айдан соң 323 түлек қолдарына диплом алып, үлкен өмірге жолдама алады.