Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай республика көлемінде ұйымдастырылған 15 минуттық кешенді жаттығу Шымкентте де өтті. Оған қала әкімдігінің қызметкерлері, аудан әкімдері мен құрылымдық бөлім мамандары, сондай-ақ, спортшылар да белсене атсалысты.
«Костюм-шалбармен жаттығу жасаған кішкене ыңғайсыз. Бірақ бүгінгі іс-шараның мақсаты 15 минутта денсаулықты түзетіп қою емес, көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Көңіл бөлдіру. Күнделікті өмірде спортпен тұрақты айналысуға уақыт бола бермейді. Тек анда-санда жүзуге барып тұрамын», — дейді қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов.