Мемлекеттік бағдарламаны май шелпекке айналдырған

Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдармен «Дип-ломмен ауылға!» жобасының орындалу сапасының төмендігі, сеніп тапсырылған мемлекеттік қаржының жұмсалуына ведомстволық бақылау жасалмайтыны...
Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдармен «Дип-ломмен ауылға!» жобасының орындалу сапасының төмендігі, сеніп тапсырылған мемлекеттік қаржының жұмсалуына ведомстволық бақылау жасалмайтыны...
Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдармен «Дип-ломмен ауылға!» жобасының орындалу сапасының төмендігі, сеніп тапсырылған мемлекеттік қаржының жұмсалуына ведомстволық бақылау жасалмайтыны…

Таяуда облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органның құрылымдық басқармаларымен «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде жастарға мемлекеттік қолдау көрсетудің сапалылығы мен оның пәрменділігіне, оған бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізіпті. Нәтижесінде неше түрлі қитұрқылықтардың бетін ашып берген.   

Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдармен «Дип-ломмен ауылға!» жобасының орындалу сапасының төмендігі, сеніп тапсырылған мемлекеттік қаржының жұмсалуына ведомстволық бақылау жасалмайтыны, тиімсіз жаратылған қаражаттарды қайтаруға іс-шаралар қолданылмағаны анықталған. Бұдан бөлек, жобаға қатысушыларды сараптау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаған,  халық арасында жоба бойынша үгіт-насихат жұмыстары жеткілікті дәрежеде жасалмайтыны байқалыпты. Осының нәтижесінде мемлекетке үлкен мөлшерде залал келіп, жобаның нысаналы мақсаттарына қол жеткізілмегені белгілі болып отыр.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, бағдарлама бойынша 2013 жылы үстемақы және баспанамен қамтамасыз ету мақсатында несие төлемдері түріндегі әлеуметтік қолдау үшін жоба қатысушыларына республикалық бюджеттен 633,3 млн теңге бөлінген. Ал 2011-2013 жылдары осы жоба шеңберінде облыста 1782 маман жұмыспен қамтылған. Дегенмен, осы кезеңде бұл жобаға бар болғаны жоғары және орта арнайы оқу орындарының 574 бітірушісі ғана қатысқан, яғни жалпы қатысушылардан тек 32% ғана жас түлектер, қалғандары сол ауылда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлер болып шықты.

«Жергілікті атқарушы органдар жобаға оқу орындарын жаңадан бітірген жас түлектер мен білікті мамандарды тартудың орнына ауылдарда бұрыннан жұмыспен қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсеткені белгілі болды», – дейді ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, тексеру барысында бюджеттік несиелердің нысаналы және тиімді пайдаланылуына, оның өтелуіне бақылау және мониторинг жұмыстары мардымсыз жүргізілген. Сосын,  мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алған мамандар келісімшартта көзделген мерзім аяқталмай тұрып, өз еріктерімен жұмыстан шығып кеткендері белгілі болған.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ