Миллиардтарға қазылған канал қирап барады

445

Мынау — 2011 жылы қолданысқа берілген Мақтаарал ауданындағы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналы. Ұзындығы он шақырымнан асатын су арнасының құрылысына он миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Көріп тұрғанымыздай, үш жылда жыларман халге түсіпті.

20140402_133932

20140402_133858

Каналдың негізгі ені — 40, тереңдігі 9 метр еді дейді сол маңдағы Жеті қазына ауылының тұрғындары. Алайда, қатты қысымдағы суға жағадағы цемент пен сым тордан қойылған қорғаныштар шыдамай, тас-талқан болған. Үш жылда су арнасы 70,80 метрге дейін кеңейіп кеткен. Канал бойындағы бос топырақ опырылып, жағадағы жол мен қорымның су астында қалу қаупі бар. Қазірдің өзінде  мазар шырақшысының баспанасы құлапты.

20140402_133235

Бақыт Таженов, шырақшы: «Осы жерде менің үйім болған. Мына жерден 4 метр ары тұста. Жер жарылды, сөйтіп, үйім құлады. Өзіміз әрең құтылып шықтық мына жаққа.»

20140402_131824

Ауыл тұрғындарының айтуынша, канал жатқан мына цемент пен сым торды, тастарды қою үшін қазынадан 45 миллион теңге жұмсалған екен. Олар бұл жөнінде жергілікті билікке шағымданып жүріп, білген көрінеді. Бекінісінен айрылған соң каналдағы көпір де жағадан жырақтап қалыпты.

20140402_131039

20140402_133953Сондай-ақ, ауыл халқы бір аптадан бері елдімекенде жарықтың сөнгенін айтады. Өйткені, су арнасының үстімен өтетін жоғарғы кернеулі электр желілерінің де құлау қаупі бар.

20140402_131102

Нарқозы Мамбетов, Жетіқазына ауылының тұрғыны: «Қазір сол жоғарғы кернеулі сым құлайын деп тұр. Істейміз дегеніне 1-2 апта болды. Одан да хабар жоқ. Ауылда 1 аптадан бері жарық осының салдарынан! Ол әлі құлаған жоқ қой. Не үшін өшіріп тастады? Ал құлағаннан кейін жан-жағы өртенеді. Содан кейін олар өшіріп отыр. Алдырамыз деп. Ол сым ауылдың ортасымен өткен.»

Ал су арнасына жауапты мекеме басшылығы мәселені республкаға жеткізгенін айтады. Тіпті шетелдік мамандардармен де ақылдасқан көрінеді.

20140402_133958

Сенбай Сейсенов, «Қазсушар» мекемесінің ОҚО филиалының директоры: «Канал тұрақты жұмыс істеп тұр. Оның бұзылуы — техногендік себептер. Себебі, жерасты суы көтеріліп кетті. Екіншіден, суарып жатқан су, мына қасында салынған тазалағыш коллектор бар. Оның өзі қазір жұмыс істемей тұр. Себебі, бұл — жерасты суының көтерілуінен. Енді осының бәрін жаңғыртумен біз қалпына келтіреміз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=9cvV1Z4WEa0[/youtube]

Иә, мамандар «Мақтааралда жерасты суы шамадан тыс көтерілді. Мұндай мөлшер соңғы 15 жылда болмаған» деп отыр. Десе де, құқық қорғау органдары миллиардтарды суға ағызған мекемелерді тексеруді бастап кеткен көрінеді. Ал су арнасын қайта жаңғырту жұмыстары тек 2016 жылы басталуы мүмкін.