Мирас университеті жастарды оқуға шақырады

614

Ашық есік күні. Оған арыз-шағым арқалағандар емес, болашағымды болжаймын деген жас түлектер жиналды. Мирас университеті мектеп бітірушілерге ерекше күн сыйлады.

Екатерина биыл мектеп бітіреді. Алдына қойған мақсаты айқын, қайда оқитынын, қандай мамандыққа түсетінін таңдап қойған. Ол Мирас университетінің студенті болуды армандайды, жоғары оқу орнының интернет-порталының қолданушысы. Оның айтуынша, портал бітіруші түлектерге таптырмас жол сілтеуші. «Мұнда жастар үшін барлық жағдай жасалған. Түрлі іс-шаралар өтеді. Ең бастысы — мамандыққа таңдау көп. Барлық замандастарымды Мираста оқуға шақырамын» деп қосты бойжеткен.

Айта өтейік, «Мирас»университеті — әлемдік білім беру талабына сай. Білікті мамандар сабақ береді. Жоғарғы оқу орнын бітірген түлекке жұмыс табу да оңай.

Ал Богдан — алдыңғы қатарлы университеттің 4-курс студенті. Мамандығын игеріп қана қоймай, бірнеше шет тілін үйреніп шыққан. Әрі салауатты өмір салтын ұстануды да ұмытқан емес.

Мектеп бітірушілерін жинап, ашық есік күнін ұйымдастырған Мирастың ұжымы, жастарға ерекше сый жасады. Олардың сүйікті әншілері «Мистерионс» тобын қонаққа шақырып, шоу ұйымдастырды.