Оңтүстік қазақстандық спортшылар Әлем кубогі үшін таласта топты жаруды жоспарлап отыр, фото www.canoe-uko.kz сайтынан алынған

Алматыда байдарка мен каноэде ескек есу бойынша Қазақстан кубогі үшін жарыс аяқталды. Республикада көшбасшы саналатын Оңтүстік қазақстанның командасы бұл жолы да жеңіске жетті. 19 алтын медальдың 15-ін жерлестеріміз қоржынға салды.

 

Оңтүстік қазақстандық спортшылар Әлем кубогі үшін таласта топты жаруды жоспарлап отыр, фото www.canoe-uko.kz сайтынан алынған

Бұл дода Әлем кубогі үшін таласқа іріктеу болатын. Байрақты жарыс алдымен Миланда, содан кейін Чехия мен Венгрияда өтеді. Еуропада топты жаруға еліміздің үздік спортшылары жол тартты. Олардың арасында облыс мақтаныштары ағайынды Емильяновтар да бар.