Ғасыр індетіне айналған СПИД-ті жұқтырған жасөспірімдердің саны жыл санап артып келеді. Сондықтан қала және аудан оқушылары арасында ВИЧ инфекциясынан сақтануды үйрететін арнайы семинар мен тренингтер өткізілуде.
ВИЧ инфекциясының жұғу жолдары және онымен ауырған адамның қоғамдағы құқығы. Осы жайында Хамза атындағы №53 орта мектептің оқушыларына «Балаларды СПИД-тен қорғау» қоры егжей-тегжей мәлімет ұғындыруға тырысты. Шарадан оқушылар адамның иммундық тапшылығы вирусы жайында өздері үшін жаңа мәлімет те алды.
Сайда Хашимжанова, 10-сынып оқушысы: «Мен СПИД-тің қан және жыныстық жолдар арқылы жұғатынын білмеген едім, бүгінгі іс-шарадан инфекцияның жұғатын жолдары жайында жан-жақты білдім.»
Статистикалық мәліметке сүйенсек, ВИЧ инфекциясын жұқтырған жасөспірімдердің қарасы жыл санап артып келеді. 2013 жылдың өзінде 800 жуық кәмелет жасқа толмаған жандар АИТВ-ға шалдыққан.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=00vBuXQ6a5c[/youtube]
Жанетта Жақсыбаева, «Балаларды СПИД-тен қорғау» қорының төрайымы: АИТВ вирусы жыныстық, нашақорлық жолдар арқылы жұғады. Осыған орай оқушылардың осы жағымсыз құбылыстан өздерінің бойларын аулақ ұстау және сақтану жолдарын түсіндіріп отырмыз. Сахналық көрініс құрып, балалардың өздерін қатыстыру арқылы, жағдайды өз бойларынан өткізу арқылы жаман әдеттен аулақ болады деген ойдамыз.»
«Балаларды СПИД-тен қорғау» қоры оқу жылының соңына дейін жоспарланған 3000 оқушының 2500-ін адамның иммундық тапшылығы вирусы жайында ақпараттандырып үлгерген. Жаңа оқу жылынан бастап қор мұндай шараларды ауыл-аймақтарда да жалғастырмақ.