АИТВ-мен ауыратындар мардымсыз дәрі-дәрмектен арылғысы келеді

530

Ағзаның иммундік тапшылығы вирусын жұқтырғандар дабыл қағады. Өмірі дәріге байланған жандар мен жас балалардың ата-аналары дәрі-дәрмектің тым қымбаттығын алға тартып отыр. Мемлекеттен тегін дәрімен қамтылса да оның ел қазынасына ауыр салмақ салып отырғанын сезеді.

vlcsnap-2015-05-26-17h58m05s147

Ата-аналар лл үшін арнайы зерттеу жүргізіп, шетел асып келетін бренд дәрі он есе қымбат бағаланатынына көз жеткізген. Ол аздай, бұл препараттарға әлі күнге дейін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілмегенін айтып, алдағы үш айда таусылатынын журналистерге ашына жеткізді. Әр науқастың тағдыры байланған «Алувиа» және «Комбивир»дәрісін өзге жанамасына ауыстырғысы келмейтіндерін жеткізді.

vlcsnap-2015-05-26-17h57m43s190

Индира Отжанова, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың аймақтық қауымдастығының президенті: «Біздің талабымыз сол. Дәрілердің құрамын көбейтсін. Және тиімді дәрілер шетелде де шығып жатыр. Біздікілер мардымсыз дәрілерді алып жатады да күніне бір рет ішетін дәрілерді қамтамасыз етпей отыр. Ал «Алувиа» екі-үш айдан кейін таусылса, ары қарай ол адамдар қандай дәрі ішеді? Дәрілер сәйкес келе ме, келмей ме? Ол үлкен проблема. Қазіргі кезде барлығы шын мәнісінде оттың үстінде отырғандай болып отыр».

Айта өтейік, СПИД-ке шалдыққан жандар үшін 18 дәрі беріледі. Ол арнайы үш кесте бойынша қабылданады. Егер дәрі-дәрмек ауысса өмірі қыл үстіндегі балдырғандардың жағдайы күрт нашарлайтынын ескертіп отыр жиналғандар. Көкейтесті мәселерін жайып салған ата-аналар балаларының ем-домы бұзылмауына жол бермейміз деп отыр.

Оңтүстікте 149 бала СПИД-ке шалдыққан. Оның алды жиырмаға келді дейді ата-аналар. Ал қалған жасөспірімдердің жағдайы жаман емес. Тек кейбіреулері ауруханаға жатуын жиілеткен көрінеді.