Оңтүстік еліміздің ең басты азық-түлік орталығына айналады

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің ең басты азық-түлік орталығына айналады. 2016-2020 жылдары толықтай жүзеге асатын жобаның жалпы жұмыстарын қазір облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары әзірлеп жатыр. Бұл дегені, алдағы жылдарда азық-түлік саудасымен айналысатын кәсіпкерлердің қатары күрт өседі деген сөз.

Сайрам ауданындағы сүт зауыты бұрыннан-ақ ағарғанымен өңір жұртын қамтып келе жатқан серіктестік. Бұл жердің 10 түрлі өнімінен жергілікті жұрт пен Шымкент, Түркістан, Кентеу, Сарыағаш, Төлеби, тіпті, Тараз қаласының халқы да дәм татып жүр.

азық-түлік

азық-түлік

азық-түлік

Уәлихан Жамалбек, зауыт директоры: «Мынау — біздің жаңа цехымыз. «Сайрам сүт» өнімдеріне сұраныс көбейгеніне байланысты біз жаңа заманауи цех ашуды көздедік. Ескі цехта күніне 8 тонна сүт өндіретін болсақ, жаңасында орта шамамен 40 тонна ағарған өндіреміз.»

азық-түлік

Кәсіпкер сұранысты қанағаттандыратын жаңа цехының көмегімен Қазақстандағы өзге де алып қалаларды өз өнімімен қамтуды жоспарлап жүр. Өңірдегі әрбір бизнесмен өз шаруасының ауқымын дәл осылай кеңейтсе Оңтүстіктің азық-түлік орталығына айналуына әлеуеті жетеді.

азық-түлік

азық-түлік

азық-түлік

азық-түлік

Тайжан Мырзазия, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: «Бұл жоба бойынша 2014-2020 жылдарға арналған бағдарлама қаралған. Егер осы жоба іске асатын болса, 2016-2017 жылдары Оңтүстіктің азық-түлік орталығы болуы түгелдей іске аспаса да, 80-90 пайызға жүзеге асады деп ойлаймын.»

Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының сөзіне сенсек, қазіргі таңда жылыжай, тамшылатып суғару, ет, сүт өндіру, жалпы, азық-түлік өндіру саласында зерделенген жұмыстар қауырт жүріп жатыр. Бұл ретте мамандар, әсіресе, ауылдағы ағайынды кәсіпкерлікке тартуда үлкен қажыр-қайрат жұмсауда.