«Оңтүстік самалы – 2014» фестивалі ширек ғасырдан бері алғаш рет өтеді

288

«Оңтүстік самалы – 2014». «Оңтүстік» баспасөз орталығында осындай тақырыптағы халықаралық фествальдің баспасөз-мәслихаты өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль 25-27-сәуір күндері өңіріміздегі Арыс және Бәйдібе өзендерінің түйіскен жерінде өтпек.

011Бұған қоса айтулы өнер бәсекесіне «Қазақша әннің авторы мен орындаушысы» арнайы номинациясы да тағайындалып отыр. Айта кетейік, Оңтүстікте ауқымы кең осындай бард әншілердің кеші 25 жылдан бері қолға алынбай келеді. Соңғы рет халықаралық бардтардың мерекесі 1989 жылы Біркөлік тауының шатқалында өткен болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7Q2_ODNhlL4[/youtube]