Алматыда байдарка мен каноэде ескек есу бойынша Қазақстан кубогі үшін жарыс аяқталды. Республикада көшбасшы саналатын Оңтүстік қазақстанның командасы бұл жолы да жеңіске жетті. 19 алтын медальдың 15-ін жерлестеріміз қоржынға салды.
Бұл дода Әлем кубогі үшін таласқа іріктеу болатын. Байрақты жарыс алдымен Миланда, содан кейін Чехия мен Венгрияда өтеді. Еуропада топты жаруға еліміздің үздік спортшылары жол тартты. Олардың арасында облыс мақтаныштары ағайынды Емильяновтар да бар.