«Ордабасы» футбол командасына жаңа бапкер келді. Ол — бұған дейін «Ақжайық» футболшылары мен Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырған Саулюс Ширмялис. Бір айта кетерлігі — клуб басшылығы мен литвалық маман әлі келісім-шартқа қол қойған жоқ. Алайда, клуб басшылығы маманмен жұмыс істеуге бекініп отыр. Бас бапкермен ордабасылықтар сәуірдің үші күні танысатын болады. Сондай-ақ, Ширмялиспен бірге оның көмекшісі словакиялық Йозеф Шкрлик те келеді деп күтілуде. Қос маман кезінде Ақжайықта және жастар құрамасында бірлесе жұмыс атқарған болатын.
Өмірбаяны
Аты-жөні: Саулюс Ширмялис
Туылған уақыты: 31.05.1956 ж
Туылған жері: Биржай (Литва)
Азаматтығы: Литва
Лицензия УЕФА: PRO (Литва, 2013)
Карьера : 1985 — 1995 «Венибэ» (Литва), 1995 — 1997 «Панерис» (Литва), 1998 — 2000 «Жальгирис» (Литва), 2000 — 2003 «Каунас» (Литва), 2003 Литваның ұлттық құрамасы (бас бапкердің көмекшісі), 2003 — 2004 «Вентспилс» (Латвия), 2006-2007 «Татран» (Словакия), 2007 «Экранас» (Литва), 2007 — 2009 Литваның ұлттық құрамасы (бас бапкердің көмекшісі), 2007 Литваның жастар құрамасы (U-21), 2010 «Шяуляй» (Литва), 2010 «Атлетас» (Литва), 2011 «Атлантис» (Финляндия), 2011 — 2012 «Ақжайық» (Қазақстан)
Жетістіктері: Литва чемпионы (2000, 2001, 2002), Литва кубогінің иесі (2001), Литва Суперкубогінің иесі (2001), Латвия Кубогінің иесі (2003, 2004), Латвия чемпионатының қола медаль иесі (2003, 2004), Литваның үздік бапкер иесі(2001).