Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде бүгін жас мамандар мен олардың тәлімгерлерінің слеті болып өтті. Біздің өңірімізге Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясының 24 бітірушісі және Ақтөбе заң инситутының 10 түлегі шақырылған.
Бұған қоса Бауыржан Момышұлы оқу орталығының алғашқы оқу даярлығынан өткен 43 орта басшы құрам қызметкерлері мен олардың тәлімгерлері де бар. Бұл шараның мақсаты — Қазақстанның өзге аумақтарынан келген жас тәртіп сақшыларын Оңтүстіктегі жұмыс орнына тез бейімделіп кетуіне ықпал жасау. Жалпы, жыл басынан бері облыстық ішкі істер департаментіне 100-ден аса жас маман қызметке қабылданыпты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GwMC5gsWwWE[/youtube]