Сарыағашта бірнеше жылдан бері мал ұрлап келген топтың жолы кесілді

393
Қолға түскендер

Сарыағаш ауданының құқық қорғаушылары барымташыларды құрықтады. Ұйымдасқан қылмыстық бірнеше жылдан бері жергілікті халықтың малына жаудай тиіп, ұрлап әкетіп отырған.

Қолға түскендер
Қолға түскендер

Ұйымдасқан топ 7 адамнан тұрады. Екі жылдан бері мал ұрлап келгендер қолды қылған төрт түлікті дереу сойып, етін сатып келіпті. Екі жылдан бері ұстатпай келгендерді тұтқындау үшін жергілікті полиция басқармасының ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнаулы топ жасақталады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-Wes_jQWVzs[/youtube]

Барымташылар көбінесе жылқы ұрлаған дейді тергеушілер. Түн ішінде жайылымға жақындап келетін олар жылқыны құрықпен ұстап алған соң сол жерде-ақ сойып, мүшелеп тастайды екен. Істері әбден жолға қойылған қылмыстық топтың мүшелері етті тек Шымкентте ғана емес, Алматының базарларына да өткізіп келген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zjHxXaWfgTA[/youtube]

Полиция қызметкерлері жүргізген мұқият дайындықтың нәтижесінде мал ұрлаушылармен бірге ет сатып алушы да қолға түсті. Алматының базарында ет алып, сатумен айналысатын азаматтың өзі Сарығаштан болып шыққан. Тергеу кезінде еттің ұрлықы екенін білмедім деп ақталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6WPPUSWFLpc[/youtube]

Қазіргі таңда ұсталғандардың үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың өзге де аймақтардағы мал ұрлығына қатысы тексерілу үстінде.