Жарыс жүлдегерлері облыстық додаға жолданады

Шымкентте «Қазақстан барысына» алғашқы іріктеу өтті.  Жеңіл атлетика манежінде 25 түйе палуан сынға түсті. «3 миллионға жуық халқы бар оңтүстік өңірі үшін бұл аздық етеді» дейді қалалық спорт бөлімінің басшысы Полат Қырықбаев. Дегенмен, маусым айында өтетін «Қазақстан барысынан» Оңтүстік жанкүйерлері жүлдеден дәмелі. Ал «Шымкент барысы» мамыр айында өтетін облыстық іріктеуге дайындық деуге де болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KJkNtGbWqTc[/youtube]

Облысымыздың барлық аудандарынан жиналған палуандар арасынан Жұманазар Ерсұлтанов ептілік танытты. Жұманазар 2013 жылы өткен «Қазақстан барысы» жарысында қоладан алқа таққан болатын. Биыл бас жүлдеге ие болуды жоспарлап отыр. Ал бұл жолғы турнирде ол 500 мың теңгені қоржынына салды. Екінші орынды және 300 мың теңгелік жүлдені Сабыржан Әбілдаұлы жеңіп алса,  Нұрзат Бегасілов 100 мың теңгеге ие болды.

"Шымкент барысында" 25 палуан ғана сынға түсті
«Шымкент барысында» 25 палуан ғана сынға түсті
"Шымкент барысы" атану үшін облысымыздың бір қатар аудандарынан түйе палуандар жиналды
«Шымкент барысы» атану үшін облысымыздың бірқатар аудандарынан түйе палуандар жиналды
Кілем төріне шыққан палуандардың салмағы кем дегенде жүз келі болуы тиіс
Кілем төріне шыққан палуандардың салмағы кем дегенде жүз келі болуы тиіс
Негізгі уақытта тең түскен палуандарға қосымша уақыт беріледі. палуандар белбеуден ұстап күреседі.
Негізгі уақытта тең түскен палуандарға қосымша уақыт беріледі
Жарысқа жиналғандардың басты мақсаты "Қазақстан барысында" топты жару
Жарысқа жиналғандардың басты мақсаты – «Қазақстан барысында» топты жару
Жарыс жүлдегерлері облыстық додаға жолданады
Жарыс жүлдегерлері облыстық додаға жолданады