Шымкентте «Қазақстан барысына» алғашқы іріктеу өтті. Жеңіл атлетика манежінде 25 түйе палуан сынға түсті. «3 миллионға жуық халқы бар оңтүстік өңірі үшін бұл аздық етеді» дейді қалалық спорт бөлімінің басшысы Полат Қырықбаев. Дегенмен, маусым айында өтетін «Қазақстан барысынан» Оңтүстік жанкүйерлері жүлдеден дәмелі. Ал «Шымкент барысы» мамыр айында өтетін облыстық іріктеуге дайындық деуге де болады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KJkNtGbWqTc[/youtube]
Облысымыздың барлық аудандарынан жиналған палуандар арасынан Жұманазар Ерсұлтанов ептілік танытты. Жұманазар 2013 жылы өткен «Қазақстан барысы» жарысында қоладан алқа таққан болатын. Биыл бас жүлдеге ие болуды жоспарлап отыр. Ал бұл жолғы турнирде ол 500 мың теңгені қоржынына салды. Екінші орынды және 300 мың теңгелік жүлдені Сабыржан Әбілдаұлы жеңіп алса, Нұрзат Бегасілов 100 мың теңгеге ие болды.