Шымкентте Шолақов көшесіндегі №154 үйден өрт шықты. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары мәлімдеп отыр. Айтуларынша, 20-сәуір күні кешкі сағат 18:44-де орталық өрт байланысы қызметіне жеке үйдің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
Тілсіз жауда ауыздықтауға 41 жеке құрам қызметкері және 14 өрт техникасы жұмылдырылған. Өртітң кесірінен үйдің қосымша қоймасының 50 шаршы метрді құрайтын аумағы мен нысанның төбе жаппасы толығымен күлге айналған. Сондай-ақ, 1 тонна сығымдалған мақта жанып кетіпті. Абырой болғанда адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Гауһар Байымбетова, өртке қарсы қызметтің баспасөз хатшысы: «Өрттің беті сағат 18:59-да толық қайтарылды, сағат 20:53-те толық сөндірілді. Қазіргі таңда өрт оқиғасының себептері, сондай-ақ, материалдық шығын анықталу үстінде.»