Шымкентте Жеңіс күні мекересіне дайындық басталып кетті. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлары құрметіне арналған ескерткіштер және «Даңқ» мемориалындағы абаттандыру жұмыстары қолға алынған.
Осыдан 4 жыл бұрын жаңғыртылған «Даңқ» мемориалында жұмыс қызу жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары 140 мыңнан астам есім жазылған ескерткіштің 200 шаршы метр аумағын қамтымақ.
Олжас Артықәлиев, мердігер компания басшысының орынбасары: «Қазір мемориалдағы ескерткіштерге 5 жылдай өтті. Біз ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жобамыз бойынша 1-мамырға аяқтаймыз деп отырмыз.»
«Абай» саябағындағы Ұшқыштар ескерткішінің маңайында да абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. 55652 әскери бөлімінің сарбаздары мен Шымкент гарнизоны әскери полициясының жеке құрамы жәдігердің айналасын тазартып, ұшқыштарға арналған постаментті де жуды.
Нұрбол Қобыланов, 55652 әскери бөлімінің сарбазы: «Ата-бабаларымыздың ескерткішіне құрмет көрсетіп, соны тазалап, таңғы сағат 9-дан бері қасымдағы сарбаздармен және жеке құраммен осы шаруаны атқарып жатырмыз.»
Жеңіс мерекесіне біздің ұжым да атсалыспақ. Дәл осы орында 9-мамыр күні «Оңтүстік Рабат»,» Рабат» және «Отырар» телеарнасының бастамасымен «Олар оралған жоқ!» шеруі өтеді. Бұл игі шараға облыстық және Шымкент қалалық әкімдігі қолдау көрсетті. Оған Ұлы Отан соғысындағы батырлардың ерлігін дәріптегісі келетін әрбір азамат қатыса алады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FSeDHjwNFDA[/youtube]