Теміржолда тағы да тосын жағдай! Бүгін таңғы уақытта Шымкенттегі Жангелдин көшесінің маңынан өтетін теміржолда жас шамасы 60-65-тегі ер кісіні жүк пойызы қағып кетті. Соның салдарынан ер кісі теміржолдың үстінде мерт болған. Оқиға орнына барлық жауапты құрылымның -теміржол қызметі, полиция, құтқарушылар, жедел жәрдем дәрігерлері мен әкімшілік қызметкерлері келді.
Мамандардың айтуынша, оқиға болған жер — ең қауіпті аймақтың бірі. Шымкент-Қорғасын, Шымкент-Қызылсай өткелдері қауіпті аймақтар. Өйткені, теміржолдың бойында тұрып жатқан тұрғындарға түсіндіру жұмыстар жүргізілсе де қайғылы оқиға жиі орын алады дейді мамандар.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=AjB-h0gLtm0[/youtube]