Жас бала суға ағып кетті

354
Төтенше жағдай департаменті

Шымкентте 3 жасар бала суға кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдай түнгі сағат 22:30 шамасында «Самал-3» шағынауданында орны алды. Осындағы арыққа құлап, ағып кеткен сәбидің мәйітін судан жергілікті тұрғындар алып шыққан.

Төтенше жағдай департаменті
Төтенше жағдай департаменті

Бұл — бүлдіршіндердің суға тұншығып қалуына байланысты жыл басынан бері орын алған үшінші жағдай.  Жақында ғана Қызылжар шағынауданындағы қайғылы оқиғада 2011 жылы туған сәби Бадам өзеніне абайсызда құлап кетіп, қаза тапқан болатын. Төтенше жағдай департаментінің мамандары ата-аналарды жас балаларға барынша мұқият болуға шақырады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-iePIcAgPjM[/youtube]