Жолаушылар жеңілдігі кімдерге тиесілі?

383
бұл саладағы қатынас көңілден шықпай тұр

Жолақы қызмет сапасына лайық емес деп білетін жолаушылардың қоғамдық қатынасқа деген өкпесі қара қазандай. Бірі бәсекелесін баса озатын жүргізушілерді айыптаса, енді бірі автобустардағы адамның көптігінен мезі болдық дейді. Әрине, жолаушыға лық толған салон мен жолдағы бейберекет жүрістер жүргізуші үшін де басы артық іс. Қоғамдық көлік қатынасына мемлекеттен қаржылық қолдау болмағандықтан, олар осындай әрекеттер арқылы нәпақа табуға мәжбүр.

бұл саладағы қатынас көңілден шықпай тұр

Олар, тіпті, жолақы жеңілдіктері қарастырылса, жомарттық жасауға да қарсы емес екендерін айтады. Ал студенттер мен көп балалы аналардың бұл көмектен қағылғанына 10 жылға таяп барады. Тасымалдаушы компаниялардың мұндай жеңілдіктер туралы ұсынысы әзірге қолдау таппай отыр. Себебі, қоғамдық көліктерде жеңілдікпен қатынау жүйесіне мемлекеттен 1 тиын да бөлінбейді.

Жолаушы тасымалдаушы компаниялар осылайша өз есебінен қайсыбір топтағы жолаушыларға кеңдік жасап отыр. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен ерен еңбегі үшін марапатталған тыл ардагерлеріне, Ауған соғысының ардагерлеріне, І топтағы зағип жандарға қоғамдық көлік қызметін тегін пайдалану құқығы берілген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6ID4Fr-a_vM[/youtube]

Ал Жеңіс күніндегі жолақы жеңілдігі туралы ұсынысты да жергілікті биліктегілер сан рет қайтарып тастапты. Қалай десек те бұл саладағы ахуал жолаушылардың көңілінен шықпай тұр. Ал күні бұрын Жеңіс күнінде қоғамдық көлікте тегін жүретін болдық деп марқайған кейбір жолаушылардың үміті ақталмайтын түрі бар.