Қоғамдық қабылдауға келушілердің қатары азаяр емес

306

«Нұр Отан» партиясының облыстағы филиалы кезекті рет қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолы арыз-шағымын арқалай келген азаматтардың басым бөлігі дәрігерлердің салғырттығын алға тартты.

Сондай-ақ, қала аумағына қосылған ауылдарда жер дауы басылмай тұрғандығы белгілі болды. Қоғамдық қабылдауға қатысқан облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлиева басқарма басшыларын тұрғындардың мәселелеріне немқұрайлы құрамауға әрі тез шешіп беруге шақырды.

Қабылдауға келгендер полицейлердің жайбасарлығына да шағымданды. Бірінің тергеушіге деген өкпесі қара қазандай болса, ендігісі учаскелік полицейдің шара қолданбай отырғанын айтады.

Қабылдауда көп көтерілген сауалдардың ендігі бөлігі баспана мәселесіне байланысты болды. Алайда жауаптылар заң шеңберінен аса алмайтындарын алға тартып отыр.

Есімхан Бертаев, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ партиялық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі: «Бізге халықтан шағым көп түседі. Басым бөлігіне кеңес керек. Түсінбеушіліктен арыз жазып жататындар да көп. Ал қоғамдық қабылдауға тек өзектілерін ғана жібереміз.»