Жаңалықтар 

Пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Оңтүстіктегі Көкбұлақ ауылының маңында тауар тиелген пойыз вагондарының рельстен шығуынан қираған шойынжол қалпына келтірілді. Бесінші мамыр күні 56 вагонның 29-ы рельстен тайып, бірнеше цистерналардағы улы күкірт қышқылы ауыл іргесіне төгілген болатын. Соның салдарынан мұндағы жұртты өзге аумаққа көшіруге тура келді. Бүгінде төгілген химиялық заттың зардабы түбегейлі жойылды дейді жауаптылар. Бірақ, ауыл іргесінде аударылған цистерналарды алып кетуге әлі асығар емес. Дүйсенбі күнгі апаттың салдарынан қалааралық бағыттағы пойыздар бірнеше сағатқа кешіккен болатын. Бүгінде қатынас қайта жанданды. «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының атқарған шұғыл шаралары нәтижесінде пойыз қозғалысы 6-мамырда қалпына келтірілген. Ресми ақпарат осындай.…

Read More
Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Дауыл әбігерге салды

Шымкентте мамырдың 10-на қараған түні басталған дауылды жел тұрғындарды есеңгіретіп тастады. Аудандарды айтпағанда, облыс орталығының көп аудандарында жарық сөніп, жұрт қиналып қалды. Мысалы, Нұрсәт шағынауданы мен Жаңаталап ауылының тұрғындары 12-14 сағат бойы электр энергиясы болмады деп, тілшілерге қоңырау шалды. Жауылдың салдарынан көшелерде де бағдаршамдар істен шығып, талай көліктердің соқтығысуына себеп болды. Құлаған, сынған ағаштарда да есеп жоқ. Орталық көшелерде билбордтар мен жарнама маталары жыртылып, ұшып кетті. Қатты желге сапасыз қағылған үй шатырлары да шыдас бермеді. Аз ғана уақыттың ішінде диспечерлік қызметегілер бірнеше сауалға жауап беруге мәжбүр болып отыр. Ал жел…

Read More
Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Шымкентте дауылдың кесірінен көліктің үстіне ағаш құлады

Табиғаттың тосын құбылысы шымкенттіктерді біраз әуреге салып жатыр. Жел, әсіресе, жолды бойындағы ағаштарды бел ортасынан сындырып жіберген жағдайлар тіркелді. Қала тұрғыны Тыныштық Құттыбаева өлім аузынан аман қалды. Демалыс күні өз көлігімен Түркістан және Тоқаев көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатқанда үстіне үлкен ағаш құлап кеткен. Ауыр соққыдан азаматша естен танып қалыпты. Әбүйір болғанда аман қалған. Тыныштық Құттыбаева: «Өзім не болғанын түсінбей де қалдым. Көлігімнен әрең шықтым, жан-жағымнан адамдар келіп көмектесті.» Тыныштықтың айтуынша, денсаулығына ешқандай зақым келмепті. Бірақ, темір тұлпары ауыр соққыдан мінуге жарамсыз күйге түскен. Кешелі бері Шымқалада құлаған тал-дардың орнын тазарту…

Read More
Оқыс оқиға 

Мереке күндері Оңтүстікте 3 адам суға кетті

Оңтүстікте суға бату оқиғасы тыйылар емес. Мереке күндері облысымызда 3 бірдей адам суға батып, көз жұмды. Арасында 7 жасар жеткіншек те бар. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта судан құтқару қызметінде 63 сүңгуір қызмет етеді. Арнайы техникалар мен құтқару құрал-жабдықтары қажеттінің 76 пайызын құрап отыр. Алайда тұрғындар құтқару қызметінің бақылауынан тыс аймақтарда шомылып, қайғылы оқиғаға тап болуда. Мұрат Төртбаев, облыстық төтенше жағдай департаменті судан құтқару қызметінің оқу және алдын алу жұмыстары жөніндегі аға әдіскері: «9 мамыр күні Қайнар көлінде 1976 жылы туылған азамат түскі…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте көлік зауыты ашылуы мүмкін

Оңтүстік Кореяда өткен Оңтүстік Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері көрмесінде 20-дан астам отандық және 100-ден астам оңтүстіккореялық бизнесмендер қатысты. Форум аясында оңтүстікқазақстандық «ЖилСтройИндустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен кореялық «Seolim Trading» компаниясы арасында «Daewoo» автокөліктерінің бөлшектерін шығару жөніндегі кәсіпорын тұрғызу жөнінде келісімге қол қойылды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері «Hyundai Materials» корпорациясының өкілдерімен кездесіп, Шымкент қаласында металл өнімдерін шығару, арнайы техникаларды өндіру және құрау жөнінде әріптестік байланыс орнату жөнінде уағдаласты. Сонымен қатар «ЖилСтройИндустрия» ЖШС «Daedong Industrial» компаниясымен бірлесе отырып, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникаларын шығару туралы келісімге келді. Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының…

Read More
Оқыс оқиға 

Полиция қызметкері қарт кісіні құтқарды (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшысы өзіне қол жұмсақ болған 75 жасар қарияның өмірін сақтап қалды. Оқиға 6-мамыр күні орын алды. Түнгі сағат 22:00 шамасында Бадам өзені бойындағы кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полициясы полкінің взвод командирі, полиция аға лейтенанты Жаңабай Жарасовқа жасөспірімдер көмек сұрап келеді. Олардың айтуынша, Бадам өзеніне белгісіз әйел секіріп кеткен. Оқиға орнына дереу жеткен 29 жасар тәртіп сақшысы өзенге батып бара жатқан қарияны көріп, оны құтқару үшін еш ойланбастан суға секіреді. Жәбірленушіні судан алып шыққан соң полиция қызметкері рация арқылы кезекші бөлімге және жедел жәрдемге хабар береді. Анықталғандай, жәбірленуші 1939…

Read More