Жаңалықтар 

«Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысушылардың қатары көбейді

«Олар оралған жоқ!» атты бастаманың оқырманға жол тартқанына 3 ай болды. Осы уақыт аралығында редакцияға хабарласып, хат жолдап жатқандар көп. Арнамызға әдейлеп арнайы келетіндер де бар. Солардың бірі Абдухамит Абдужаббаров. Екі бірдей ағасы соғысқа аттанып, қайтып оралмаған. Олардың жерленген жері белгісіз. Қолында тек үлкен ағасы Абдуқадыр Абдужаббаровтың полк басшысы, полковниктен келген қаралы қағазы бар. Онда Украина түбіндегі шайқасқа қатысып, атқыштар полкінің аға командирі Абдуқадыр Абдужаббаровтің 1943 жылдың 30 қарашасында ерлікпен қаза болғаны туралы жазылған. Ал екінші ағасы Абдувахит Абдужаббаров Берлин түбінде кеудесін оққа тосып, жеңіс сыйлапты. Абдуахатхамит Абдужаббаров: «Менің арманым олардың…

Read More
Жаңалықтар 

Жастар жұмыссыздық мәселесін талқылады

Жастар арасында жұмыссыздық өршіп тұр. Жыл басынан бері облыстык еңбекпен қамту жөніндегі құзырлы орындарға екі қолға бір жұмыс іздеп келгендердің жартысына жуығы — қыз-жігіттер. Күрмеулі мәселе бүгін студент жастардың талқылауына түсті. Пікірталас алаңына жиналған олар әлеуметтік мәселені шешуде ой-пікірлерін ортаға салды. Жастардың пайымдауынша, жұмыссыздық мәселесін реттейтін мемлекеттік бағдарларларды жүзеге асыруды жетілдіру керек. М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастар бірлестігінің төрайымы Құралай Сауыттың ойынша, бағдарламалардың дені ауыл жастары арасындағы жұмыссыздықты ауыздықтауға арналған. Сондықтан, бұл мақсатта қолға алынған мемлекеттік шаралар қалалық қыз-жігіттерді де қамту тиіс.

Read More
Спорт 

Оңтүстіктің ескек есушілері 15 алтын жеңіп алды

Алматыда байдарка мен каноэде ескек есу бойынша Қазақстан кубогі үшін жарыс аяқталды. Республикада көшбасшы саналатын Оңтүстік қазақстанның командасы бұл жолы да жеңіске жетті. 19 алтын медальдың 15-ін жерлестеріміз қоржынға салды.   Бұл дода Әлем кубогі үшін таласқа іріктеу болатын. Байрақты жарыс алдымен Миланда, содан кейін Чехия мен Венгрияда өтеді. Еуропада топты жаруға еліміздің үздік спортшылары жол тартты. Олардың арасында облыс мақтаныштары ағайынды Емильяновтар да бар.

Read More
Спорт 

Қариялар шахматтан сынға түсті

Шахматтан спорт ардагерлері мен зейнеткерлер арасында Оңтүстік чемпиондары анықталды. Екі күнге жалғасқан жарыста 17 кәсіпқой және 32 әуесқой шахматшы сынға түсті. «Ақтұлпар»  интеллектуалдар клубында өткен турнирдің қорытындысы бойынша әуесқойлар арасында Гафуржан Махмудов бас жүлдеге қол жеткізді. Бұған қоса Сақтаған Жақаев пен Нұсқау Түменбаев жүлделі болды. Кәсіпқойлар арасында Олег Ни үздік танылды. Бекайдар Тұрғаналиев пен Бақыт Құдайбергенов та арнайы сыйлыққа ие болды. «Қариялар арасындағы мұндай жарыстар енді жиі өтіп тұрады» деп ұйымдастырушылар алқасы өз уәдесін берді.

Read More
Оқыс оқиға 

Сарыағашта бірнеше жылдан бері мал ұрлап келген топтың жолы кесілді

Сарыағаш ауданының құқық қорғаушылары барымташыларды құрықтады. Ұйымдасқан қылмыстық бірнеше жылдан бері жергілікті халықтың малына жаудай тиіп, ұрлап әкетіп отырған. Ұйымдасқан топ 7 адамнан тұрады. Екі жылдан бері мал ұрлап келгендер қолды қылған төрт түлікті дереу сойып, етін сатып келіпті. Екі жылдан бері ұстатпай келгендерді тұтқындау үшін жергілікті полиция басқармасының ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнаулы топ жасақталады. Барымташылар көбінесе жылқы ұрлаған дейді тергеушілер. Түн ішінде жайылымға жақындап келетін олар жылқыны құрықпен ұстап алған соң сол жерде-ақ сойып, мүшелеп тастайды екен. Істері әбден жолға қойылған қылмыстық топтың мүшелері етті тек Шымкентте ғана емес,…

Read More
Оқыс оқиға 

Кәнігі ұры қылмыс үстінде ұсталды

Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері үй тонау әрекетін ізін суытпай ашты. Бөтеннің үйіне түскен ұры қылмыс жасап жатқан жерде қолға түсті. Бұл қылмыс жайында ұрлық болған көшенің тұрғыны хабарлаған. Оқиға орнына сол ауданда кезекшілікте жүрген полиция экипажы жедел жетті. Анық болғаны, ұры үйлердің қоңырауын басып, тексеріп жүрген. Содан кейін ешкім шықпаған үйге кіріп кетіпті. Оны сырттан көрген азамат дереу үйдің иесіне, яғни, көршісіне хабарласқан. Үйге қонақ келмейтінін білген соң полицияға хабарласқан. Оқиға Адырбеков көшесінің бойында орын алды. Абырой болғанда полиция қызметкерлері де сол маңға жақын жүр екен. Тез келе қалған полицейлер үйге…

Read More