Жаңалықтар 

«Студенттік көктем — 2014» облыстық фестивалі аяқталды

Сәуір айынан бастау алған «Студенттік көктем — 2014» облыстық дарынды жастар фестивалі өз мәресіне жетті. Оқу жылында үздіктер сапынан табылу студенттерге оңайға түскен жоқ. «Шынықсаң, шымыр боласың» сайысы нағыз толағайларды анықтаса, «Көркемсурет», «Дизайн», «Көркем сөз», «КТК ойынындары» сайыстары шығармашыл жастардың қиялдарына қанат бітірді. «Студенттік көктем» фестивалі аясында отыз шақты жоғары оқу орнының студенттері 1 ай бойы өз дарындарын өнерлерін сынаған болатын. Ал сайысты қолға алған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының айтуынша, бүгінде талантты ғана емес, білімді жастолқынға да үлкен жағдай жасалып отыр. Болат Жанәбіл, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының…

Read More
Спорт 

Қала әкімінің кубогі кімге бұйырады? (фото)

Жеті елдің 120 былғары қолғап шебері Шымкент қаласы әкімінің кубогін сарапқа салуда. Халықаралық турнир осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы 17-18 жасар боксшылар сынға түсуде. Жуырда ғана бұл спортшылар әлемдік аренада тәжірибе жинақтап қайтқан болатын. Шымкенттегі турнир де олардың шеберлігін шыңдай түсері сөзсіз. Дода мамыр айының 22-іне дейін жалғасады. Кездесулер жеңіл атлетика манежінде өтуде.

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте 200 мыңнан астам егде кісі жұмыссыз

Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қалай қамтимыз? Қазақстанның коммунистік халық партиясының Оңтүстіктегі комитеті осы мәселені көтерген дөңгелек үстел жиынын өткізді. Олардың зерттеуінше, бүгінгі күні облыста 50 мен 59 жас аралығындағы экономикалық белсенді 220 мыңдай азамат бар екен. Оның 103 мыңы ер азамат болса, 116 мыңын нәзік жандылар құрайды. Егде қызметкерлердің жұмыспен қамтылмауының басты себебін партия өкілдері белең алған капитализмнің кесірінен көреді. Яғни, егде кісілердің жұмыстан шеттеп қалуына жиі жағдайда жеке кәсіпкерліктің тым көптігі ықпал етеді екен. Осындай фактілерді алға тартқан коммунистер арнайы резалюция толтырып, жоғары жаққа жіберді. Нұрлан Қадырқұлов, ҚКХП…

Read More
Жаңалықтар 

Әйтеке бидің 370 жылдығына ас берілді (фоторепортаж)

Әйтеке бидің туғанына — 370 жыл. Қара қылды қақ жарып, Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі — Әйтеке Байбекұлының рухына арнап ұрпақтары ас берді. Өзбекстанның Навои облысы, Нұр ата ауданында жерленген Кіші жүз биінің басына барып дұға бағыштаған Қазақстандық және Қарақалпақстандық делегация баба рухын осылай тағы бір асқақтатты. Әйтеке би басына жасалған бұл жорық ел тәуелсіздігін алғалы үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Баба рухына бағышталған алдыңғы екі асқа Оңтүстіктің өрендері ұйытқы болған. Бұл жолғы кезекті шараны Қызылорда облысының билігі міндетіне алыпты. Атам бөлек деген жоқ. Қазақтың…

Read More
Жаңалықтар 

Ұлттық бірыңғай тестке санаулы күн қалды

Биыл ҰБТ маусым айының екінші жұлдызынан оны аралығында өтеді. Сынаққа санаулы күн қалды. Осыны ескерген облыс әкімінің орынбасары дайындықты бір пысықтап алды. Онысы дұрыс-ақ екен, әлі күнге дейін талапкерді тест тапсыру пунктіне тасымалдауға қаржы бөлмей, бейқам отырған аудандар бар болып шықты. Одан бөлек, ҰБТ тапсырудан биылғы түлектің қырық пайызға жуығы бас тартып отырғаны мәлім болды. Биыл Оңтүстік мектептерін 32 860 оқушы бітіреді. Оның 18 976-ы ҰБТ тапсыруға ниетті. 16 мың түлек емтиханды қазақ тілінде тапсырса, екі мыңы орыс тілінде тест тапсыруға бел байлап отыр. Ал өзбек мектептерін бес мыңға жуық…

Read More
Жаңалықтар 

Әрбір үйге — қауіпсіз тағам

«Әрбір үйге — қауіпсіз тағам.» Халықты қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында осындай акция ұйымдастырылды. Қаладағы 37 базар мен сауда орындарында өтетін шара барысында кез-келген азамат сатып алған азық-түлік өнімін көшпелі зертханада тексере алады. Бүгін Әл Фараби аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы Қырғы базарда сатылатын өнімдерді акция аясында тексеруден өткізді. Базардың дәл ортасына орныққан жылжымалы зертханаға базар басшылары қуана қоймады. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мамандары тексеруге емес, акция ұйымдастыруға әрі тамақтан туындайтын түрлі аурулардың алдын алуға келген еді. Алғаш рет ұйымдастырылған шараны сатып алушылар да жатырқай қабылдады. Бірінші болып…

Read More