Жаңалықтар 

Оңтүстікте мектептер 2 күнге жабылды

Шымкентте ұйытқыған жел әлі тоқтаған жоқ. Облыс әкімі қаладағы желдің салдарынан зардап шеккен нысандарды аралап, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл мәселе төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі облыстық штабтың отырысында да талқыланды. «Қазгидромет» таратқан мәліметке сәйкес, қатты жел 15 мамырға дейін жалғасуы мүмкін. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов желден келген шығын көлемін есептеп, оны қалпына келтіруді жедел түрде қолға алуды тапсырды. Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Желге қарамастан бүлінгеннің бәрін қалпына келтіру керек. Қандай тізімдер бар бізде, қаншауы бар? Соның барлығын тексеріп, тапсырма беріледі.» Желдің қатты…

Read More
Жаңалықтар 

«Еламед» компаниясы сатылым-көрмесін ұсынады

Енді дертіңізден үйден шықпай-ақ айығасыз. Ол үшін cізге «Еламед» компаниясы көмектеседі. Медициналық мекеме «Үй дәрігері» fnns физиоемдеу аспаптарының сатылым-көрмесін көпшілікке ұсынып отыр. Зоя Бутузованың күре тамырлары ісініп кеткен. Варикоз дертін емдеу үшін ол қымбат бағалы түрлі дәрі-дәрмекті тұтынғанымен, нәтиже болмапты. Енді «Еламед» ұсынған физиоемдеу аспаптарының көмегіне жүгінбек. Емделуші қондырғының 1001 дертке шипа екенін таныс достарынан естіп келіпті. Зоя Бутузова, емделуші: «Химиялық дәрілерді ұнатпаймын. Себебі6 оның зияны көп. Ал «Еламед» компанисының өнімдерінің көрмесі өтіп жатыр дегенді естіп, арнайы келіп отырмын. Енді тегін кеңес алып, осы аспаппен ем қабылдаймын. Ең бастысы, үйде…

Read More
Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Науқасты ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем автокөлігі аударылды. Оқиға Арғынбеков пен Өтегенов көшелерінің қиылысында орын алды. Өтегенов көшесімен жүйткіп келген арнайы автокөлікті «Ауди» жүргізушісі өткізбеген. Куәгерлердің сөзіне сенсек, жедел жәрдем автокөлігі бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіпті. Осылайша науқасты ауруханаға алып бара жатқан дәрігерлердің өзі аурухана төсегіне таңыла жаздады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал ауруханаға жеткізілмек болған азаматты апаттан кейін басқа жедел жәрдем бригадасы алып кеткен.

Read More
Жаңалықтар Оқыс оқиға 

Көліктерге абай болыңыздар!

Төрт күннен бері тыйылмай тұрған қатты желдің салдарынан қала көшелеріндегі ағаштар құлап жатыр. Дүлей дауыл қопарған талдың бірі Мәделі қожа көшесімен келе жатқан Мерседес автокөлігінің үстіне түсті. Соның салдарынан оқыс оқиға кезінде көлікте болған екі адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Тұрғындар қалалық әкімдіктен осы көшенің бойындағы екі талды кесіп тастау туралы бұрын да арызданғандарын айтады. Алайда, арада жыл өтсе де еш әрекет болмапты. Енді, міне, дер кезінде кесілмеген ағаштан екі азамат зардап шекті. Ал «Айна» базары маңында орнатылған билборд ВМВ атокөілігіне құлап түскен. Абырой болғанда мұнда жарақат алғандар жоқ. Құлаған…

Read More
Жаңалықтар 

Дүлей дауылдың зардабы жойылуда

Облыстың өзге аудандарына қарағанда Шымкент қаласына желдің кесірінен мол шығын келген. Бұл туралы облыс әкімдігінде құрылған комиссияның төрағасы Сакен Қаныбеков баспасөз мәслихатында жариялады. Сакен  Қаныбеков, облыс әкімінің орынбасары: «Тоқтаусыз соққан желдің салдарынан облыста 13 нысанның, оның ішінде 8 білім беру, 1 денсаулық сақтау, 1 көпқабатты үй,  3 көпшілік мәдени нысан бүлінді. Бүгінге дейін 5 нысан қалпына келтірілді.» Айта өтейік, шаһарда жүзден аса тал құлаған. 107 электр желісі істен шығып, бүгін барлығы қайта жөнделген. Тұрғындарға біртіндеп жарық берілуде. Табиғаттың тосын мінезі тудырған олқылықтардың орнын толтыру үшін облыста 600 адам мен 64…

Read More
Жаңалықтар 

Дауылдың кесірінен сайрамдықтар да зардап шекті

Дауылды жел тек Шымкенттік тұрғындардың ғана емес, өңір жұртшылығының да есін шығарды. Сайрам ауданында бес адам желдің зардабын тартып, аурухана төсегіне таңылыпты. Оның біреуі — бес жасар бала. Сынған ағаштың астында қалған балдырған, Құдай сақтап, жеңілжарақат алыпты. Ал тағы бір тұрғын ес-түссіз, жансақтау бөлімінде жатыр. Сайрам аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне кеше түс қайта түскен мына әйелдің халі мүшкіл. 45 жастағы Нигара өзі жұмыс істейтін дүкеннің шатырының астында қалып қойыпты. Бас сүйегі сынып, құлағынан аққан қан тоқтамай жатыр екен. Дәрігерлер науқастың жанын сақтап қалу үшін барын салуда. Бірақ Нигара Досметованың сау…

Read More