Жаңалықтар 

«Оңтүстік өрістері» симпозиумы өз мәресіне жетті

16-мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен көркемсурет галереясының базасында өткен жас суретшілердің «Оңтүстік өрістері» атты облыстық симпозиумы өз мәресіне жетті. Сағат 11:00-де симпозиумның барысында көркемсурет өнерінің шеберлері дөңгелек үстел өткізді. Онда алматылық белгілі жас суретші, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, ҚР суретшілер одағының мүшесі Сауытбеков Нұржан симпозиумға байланысты баяндама оқыды. Бұған қоса суретшілер еліміздегі қазіргі заманғы көркемсурет өнерінің мәселелерін талқылап, пікірлесті және өзара тәжірибе алмасты.   Жиырма суретші Оңтүстік Қазақстан облысының көзтартар орындарын бейнелеу барысында 92 шығарма салды. Барлық жұмыстар енді облыстық көркемсурет галереясының қорына…

Read More
Жаңалықтар 

Қоғамдық қабылдауға келушілердің қатары азаяр емес

«Нұр Отан» партиясының облыстағы филиалы кезекті рет қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолы арыз-шағымын арқалай келген азаматтардың басым бөлігі дәрігерлердің салғырттығын алға тартты. Сондай-ақ, қала аумағына қосылған ауылдарда жер дауы басылмай тұрғандығы белгілі болды. Қоғамдық қабылдауға қатысқан облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлиева басқарма басшыларын тұрғындардың мәселелеріне немқұрайлы құрамауға әрі тез шешіп беруге шақырды. Қабылдауға келгендер полицейлердің жайбасарлығына да шағымданды. Бірінің тергеушіге деген өкпесі қара қазандай болса, ендігісі учаскелік полицейдің шара қолданбай отырғанын айтады. Қабылдауда көп көтерілген сауалдардың ендігі бөлігі баспана мәселесіне байланысты болды. Алайда жауаптылар заң шеңберінен аса алмайтындарын алға тартып…

Read More
Жаңалықтар 

Мемлекеттік қызметкерлер сайысқа түсті

Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте. Дәл осы тақырыпта қалалық байқау өтті. Бұл жолғы байқауға студенттер немесе мектеп оқушылары емес, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Облыстық туризм басқармасынан бастап, салық департаменті, кедендік бақылау, ІІД және экономика және бюджетті жоспарлау басқармалары мен ұлттық банктің өңіріміздегі филиалының қызметкерлері қазақ тілін меңгеруде өзара бақ сынасты. 11 топ мемлекеттік тілде басқару жұмысы мен іс жүргізуге қатысты құжаттардың дұрыс рәсімделуінің үлгісін көрсетіп қана қоймай, өнерлерін ортаға салды. Қазақ тілін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараны өткізуге салт-дәстүрді және өнерді насихаттау орталығы ұйытқы болды. Алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылып отырған шараға…

Read More
Жаңалықтар 

Қоқысқа толған балалар алаңшасы

«Балаларымыз бүгінде әткеншекпен емес, күл-қоқыспен ойнайды!» Қаламыздағы Бауыржан Момышұлы даңғылы бойындағы бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары осылай деп шағымданып отыр. Айтуларынша, 8 айдан бері үй алдындағы балалар алаңшасының орнына қоқыс жәшіктері жайғасқан. Алыстан көзге ұратын мына күл төбе (суретте), негізі, балалардың ойын алаңы. Бүгінде орнына қоқыс үйіліп, оған бүлдіршіндер үйір болыпты. Басқа емес, батыр Бәукеңнің атындағы көшедегі осы көріністен мезі болған тұрғындар қоқыстың қолқаны қабатын иісін айтпағанның өзінде оның жиі өртене беретінінен қауіптеніп отыр. Загиф Ахмадиев, Б.Момышұлы көшесі, №4 үйдің тұрғыны: «Қазан айында біздің ауланы уақытша сұрады. Ол кезде қоқыс жәшіктері…

Read More
Жаңалықтар 

«Мұражай түні»

18-мамыр — халықаралық мұражай күні. Осыған байланысты облыстық тарихи-өлкентану мұражайы «Мұражай түні — 2014» акциясын ұйымдастырды. Соңғы 5 жылдан бері өткізіліп келе жатқан осынау акцияда мұражай ұжымы балғындарға көбірек көңіл бөлуді ұйғарыпты. Шара барысында көне жәдігерлер мен ырым-тыйымдар жайлы мектеп оқушыларымен бірге танымдық ойындар өткізіліп, экспозияция залдарына саяхат жасалды. Мұражайға келушілер «Оңтүстік Қазақстан облысының археологиялық мұрасы» атты көрмені де тамашалай алады. 88 мыңға жуық экспонаттық қоры бар жәдігерлер үйінде бұл көрме көрермендердің қатарын одан әрі көбейту үшін жұмыс істейтін болады. Болашақтан үмітің болса, өткеніңді біл. Өткенімізді електен өткізіп, болашаққа бастайтын…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте «Ойран» қойылымы сахналанды

Шымкентте теріс діни ағымдар мен түрлі секталардың белең алуына тойтарыс беру үшін облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ -драма театры «Ойран» қойылымды сахналады. Драматург Баянғали Әлімжановтың тырнақалды туындысынының премьералық-қойылымын біз де тамашалап қайттық. Ата-ананың тәрбиедегі салғырттығы. Қоғамның әлсіз тұстары. Мұның барлығы да жасөсіпірімнің кері ағымның жетегіне еруіне жол берді. Адастырды да. Психологиялық драманың көрермендері өмірден алынған оқиғаның ақиқатын бүкпесіз көріп отыр. Ал премьералық «Ойран» қойылымының басты рөлі — Олжас Мұсабеков үшін дебьют. Олжас Мұсабеков, театр әртісі: «Қатты қобалжыдым. Қазір де үлкен толғаныс үстінде жүрмін. Негізі, әрбір рөлді шебер сомдау әр әртістің міндеті…

Read More