балабақшаны әсіресе жұмысбасты отбасылар көп күтіпті

Балғындарға – базарлық. Балаларды қорғау мерекесі қарсаңында Сайрам тұрғын үй массивінде жаңа балабақша ашылды. Бүлдіршіндер мұнда үш тілде тәлім ала алады.

балабақшаны әсіресе жұмысбасты отбасылар көп күтіпті
Бұл балабақшаның ашылуын, әсіресе, жұмысбасты отбасылар көп күтіпті

Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған тәрбие ошағы 450 орынға лайықталған. Мұнда балғындардың жан-жақты тәлім-тәрбие алуына барлық жағдай жасалыпты. Бүлдіршіндер жазғы бассейн мен спорт залда бой сергітіп, салауатты өмірге бейімделеді. Балаларға арналған ойын бөлмесі, асхана, балалардың ән шырқап, би билеуіне арналған музыка залы да бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=e0krXOXE5Pw[/youtube]