Балалардың құқығын қорғау күні қарсаңында «Ладушки» кондитерлік желісінде дәстүрге айналған шара өтті. Мұнда тәтті тағам пісірушілердің балалары қонақта болып, ата-аналарының қызмет орнымен танысты.
Балалар жазғы демалысқа шыға сала топ-топқа бөлініп, саяхаттауды бастап кетті. Солардың бір бөлігі аналарының жұмыс орнына келді. Ересектер ерінбей, перзенттеріне мамандықтарының қызығы мен шыжығын да тәптіштеп баяндап жатыр. Ал балдырғандар ата-аналарының қолынан шыққан тәттілерден дәм ауыз тиіп жатыр.
Ақмарал Жиенқұлова, кондитер-суретші: «Мен тағамдарды планшетпен суретке түрісіп, үйге апарған едім, балам қатты қызықты. Енді, міне, өз көзімен көріп отыр. Бұл үшін басшылыққа алғыс айтамын!»
Көркемдеу мен әспеттеудің шебері болған цех және оның өнімдері балалардың көңілін баурап алды. Өндіріс орнының басшысы әрбір балақайдың анасы қандай шаруа атқаратынын, оның қандай ғажайып гүлдерді жасап, тіпті, ертегілердегі әлемді әкелетінін де айтып мақтады. Ира Гавриленконың қызы да өз болашағын «Ладушкиде» елестеді.
Катя Гавриленко: «Мен қазір көркемсурет мектебінде білім алып жүрмін. Одан соң анамның қасына жұмысқа тұрамын, болашақта анамның орнын басып, көпшілікке көркем әрі тәтті тағам ұсынатын боламын.»
«Ладушкидің» қызметкерлері мұндай саяхат өте пайдалы деп отыр. Айтуларынша, тәтті тағамды пісірушілердің де еңбегін таразылайды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=aoOsb-xZZF4[/youtube]
Ирина Гавриленко, көркемдік цехтың жетекшісі: «Бұл — тәлім-тәрбие сабағы десем болады. Аналардың уақытты құр емес, еңбекпен өткізетінін көрсету. Балалар тәттілердің қандай еңбекпен келетінін көріп отыр. Сондықтан, жабық өндіріс орнына кіргізіп, балаларымызды тәрбиелеу жолында бізге осындай мүмкіндік беріп отырған басшылығымызға рахмет айтамын.»
Саяхаттау шарасынан соң бүлдіршіндер «Усадьба Ладушкидің» жазғы алаңшасындағы ас мәзірін күтті. Аналары балалары үшін дәмі тіл үйірер тағамдарын ұсынды. Түскі астан соң кішкентай қонақтар балалар алаңшасында қыдырды. Айта кетейік, бұл балаларды қорғау мерекесінің бастамасы ғана. Алда ұжым өзінің кішкентай тұтынушылары үшін талай тосынсыйларды әзірлеп отыр.