Биыл ҰБТ қалай өтеді?

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерін қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі.

Биылғы жылғы ҰБТ жайлы:

• барлық ҰБТӨП-де (Ұлттық Біріңғай Тестілеу өтетін пункттерде) ұялы телефондарды басатын қондырғылар, бейне бақылаулар және металды детекторлар орнатылады;

• аудиториялар саны әр ҰБТӨП-те 12-ден артпайды;

• әр ҰБТӨП-те 1 аудиторияға 1 өкілден;

• ҰБТӨП-те аудитория кезекшілерінің институты жасалады;

• мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны 5 болады;

• білім саласындағы өңірлік бақылау департаменттерінің қызметкерлері ҰБТӨП-тегі ҰБТ-ның барысына тікелей бақылауды жүзеге асырады, технологияның бұзылуын анықтап, салдарын жою шараларын қабылдайды.ҰБТ барысы туралы ҚР БҒМ жанындағы Республикалық штабты ақпараттандырады.

ҰБТ-ның өткізілуін үйлестіру үшін облыстық білім басқармаларының базасында штабтар құрылады.

Штаб:

1) ҰБТ-ны және апелляцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын;

2) ҰБТ мәселелері бойынша жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;

3) ҰБТ-ны өткізу кезінде металл іздегіштердің, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдарды және бейне бақылау камераларын пайдалану жұмыстарын үйлестіреді.

ҰБТ өткізу үшін ҰБТӨП-те өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын және ҰБТ өткізу қағидасын басшылыққа алатын мемлекеттік комиссия құрылады.

МК саны 5 адамды құрайды.

1) кезекшілердің тестілеуге келуін қамтамасыз етеді;

2) қоғамдық тәртіпті сақтауды, тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді, тестілеу кезінде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын және бейнебақылау құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;

3) Тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін жасау арқылы ҰБТ өтетін ғимаратты жарылғыш заттардың болмауы үшін тексеруді жүзеге асырады;

4) Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің және аппеляциялық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасайды;

5) Аудиторияны тексеру нысаны бойынша аудиторияларды ҰБТӨП жетекшілерінен санитарлық-гигиеналық нормаларының сақталуына, тыйым салынған заттардың (ақпараттық және анықтамалық материалдар, электрондық кітаптар, калькуляторлар, ұялы телефондар, пейджерлер және фотоаппараттар) болмауына жасалған акт бойынша қабылдауды жүзеге асырады;

6) Министрлік өкілімен бірлесіп мүгедек бітірушілер, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін), өздігінен жүріп-тұру функциясы бұзылған мүгедектер және қант диабетімен ауратын бітірушілер үшін жеке аудитория бөлу туралы шешім қабылдайды.

7) тестілеу өткізілген күні ҰБТ өткізу қағидасына сәйкес нысан бойынша дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынбаған) және ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынған) көпшіліктің назарына іледі;

8) ҰБТ өткізу қағидасына сәйкес Сертификаттарды беру тізілімін және сертификаттарды беру жұмыстарын ұйымдастырады және Штабты ҰБТ-ның өту барысы және бітірушінің ҰБТ өткізу қағидаларының талаптарын бұзу фактісі туралы хабардар етеді.

Бітірушіге сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, iрad, iрod, iрhone, smartphone), ноутбуктарды, плейерлерді аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.

Бітіруші осы ҰБТ өткізу қағидасын бұзған жағдайда Министрлік өкілі тыйым салынған заттың тәркіленуі және бітірушіні аудиториядан шығару туралы актісін жасайды және тест нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды. Бітірушінің Қағиданы бұзу фактісі туралы МК төрағасын хабардар етеді.

Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі — республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір ҰБТӨП-терде апелляциялық комиссия құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныстардың негізділігін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.

Апелляциялық комиссия:

Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 14.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.

Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді.

2014 жылғы ҰБТ-ның шекті деңгейі Ұлттық ЖОО-ға — 70 балл.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 55 балл.

Қалған барлық ЖОО-ға – 50 балл.

Пәндер бойынша:

Таңдау пәні бойынша кемінде – 7 балл.

Шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 10 балл.

Қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл.

Сәуле Жарқынбекова, Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласын қадағалау департаментінің бөлім басшысы