Біз естімеген ән-күйдің байқауы басталды

487
сайыс қатысушылары

«Біз естімеген бір ән, бір күй». Шымкентте осындай тақырыпта ерекше байқау басталды. Шараны қолға алған мәдениет басқармасы мамандарының айтуынша, өнер бәсекесіне іріктеу жыл бойы жүргізіліпті. Өткен жылы бастау алған шараға биыл осылайша 81 өнерпаз жолдама алған. Айта кетейік, байқаудың ерекшелігі — ел арасында сағыныш қана емес, ұмытылар шегіне жеткен ән-күй, терме-толғауларды жаңғырту.

сайыс қатысушылары

Нұрсұлтан Пірмән көпшілік алдында сағынышқа айналған күйді шертіп отыр. Білім ошағы — «Алтын ұямен» қоштасу сезімдері баяндалатын туындыны өнер иесі ауыл-аймақты аралап жүріп, 2 ай бойы меңгерген.

Нұрсұлтан Пірмән, облыстық саз колледжінің студенті: «Үлкен сахна болған соң, әрине, қобалжыдым. Қазіргі ойнап шыққан күйім Батырхан Ыстамбетовтың «Алтын ұя» деген күйі. Бұрын орындалған екен, қазір елге сағыныш болған. Қолымнан келгенше сол күйді көптің алдында тартып бердім. Жеңістен үміттіміз, бір Алланың қолында ғой. Өзге де қатысушылар осал емес, байқап отырмын. Оларға сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін.»

Нұрсұлтан Прмән
Нұрсұлтан Пірмән
Сайысқа 29 күйші қатысуда
Сайысқа 29 күйші қатысуда
Қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған
Қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған

Ширек ғасырдың естелігі күмбірлеген күйдің бойынан табылды. Сағым сырды ұқтырды да. Ал осы байқауға 29 күйші, 24 термеші, 6 жыршы және 22 дәстүрлі әнді дәріптейтін күміс көмей өнерпаздар жолдама алған. Шарт бойынша үміткерлердің әрқайсысы 2 бірдей туындыны орындауға мүмкіндік алды. Айтпақшы, ұйымдастырушалар бәйгеге түсер шығармаларды жыл бойы жинақтапты.

Күлия Айдарбекова байқау үміткерлеріне сәттілік тіледі
Күлия Айдарбекова байқау үміткерлеріне сәттілік тіледі

Күлия Айдарбекова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы: «Бірнеше топ ауыл-аудандарға шығып, аралап, аға буынның көмегіне жүгінді. Ауылдың ақсақалдары мен әжелерінен әрбір өлең жолдарын жазып алып, қайырмасын өзге елдімекендегі қариялардан сұрап жүріп, еңбектерді түгендеп жүрміз. Нәтижесінде 900-ден астам өте сирек кездескен я болмаса бұрын-соңды орындалмаған халық, дәстүрлі әндеріміз, күйлер, жыр-дастандар табылып жатыр. Бүгінгі таңда 85 халық әні нотаға түсірілді, 100-ге жуық біз естімеген авторлардың әндері нотаға түсірілуде.»

Әрбір күйші 2 шығармадан орындады
Әрбір күйші 2 шығармадан орындады
баянда шебер ойнағандар да болды
Баянда шебер ойнағандар да болды
Байқау қатысушыларының көбі облыстық саз колледжінің студенттері
Байқау қатысушыларының көбі — облыстық саз колледжінің студенттері
Үміткерлер өздері зертеп, өздері тапқан туындыларды да орындады
Үміткерлер өздері зерттеп, өздері тапқан туындыларды да орындады
Көрермендер арасында аға буын басым
Көрермендер арасында аға буын басым
Сырым Шаншықбаевтың "Құдайым, сақтасын!" термесі көпке ерекше әсер қалдырды
Сырым Шаншықбаев орындаған «Құдайым, сақтасын!» термесі көпке ерекше әсер қалдырды
Додаға 24 термеші жолдама алған
Додаға 24 термеші жолдама алған
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ

Облыстық мәдениет басқармасы мамандарының айтуынша, «Біз естімеген бір ән, бір күй» жобасы аясында халық әндері, терме-толғаулар, күйлер мен сазгерлердің шығармалары жинақталып, арнайы жинағы жарық көреді деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, баяқау жеңімпаздары 17-мамыр күні кешке белгілі болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=9Xf10pfHlkg[/youtube]