Мемлекет басшысы дәрігерлермен жүздесті

358

Шымкентке арнайы іс-сапармен келген мемлекет басшысы «Нұрсәт» шағынауданындағы №3 емхананың жұмысымен танысты. Бір мезетте 500 адамды қабылдайтын емхана жаңа диагностикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Елбасы ота жасап жатқан дәрігерлермен тікелей байланысып, істеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Оңтүстікте ана мен баланың өлімі кемігенінен хабардар болып, осыған атсалысып отырған дәрігерлердің әлеуетін көтеруді сөз етті.

ота жасап жатқан хирургтармен тіклей байланысты

Мемлекет басшысы ақ халаттылармен тілдесіп, мемлекетіміздің ең басты байлығы — адам өміріне немқұрайлы қарауға болмайтынын айта өтті. Елбасына алғысын жаудырған дәрігерлерді жаттанды емес, адами қарым-қатынасқа шақырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_vkrRauMQAw[/youtube]

«Барлықтарыңыз алдын ала дайындалып алыпсыздар, қарапайым әңгімелесейік. Сіздерге жүктелетін міндет — салауатты өмір салтын қалыптастыру, адам денсаулығына жауапкершілікпен қарау. Біз мемлекет тарапынан жағдай жасаймыз. Істеріңізге сәттілік тілеймін» деп Елбасы.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған емханада екі жүз дәрігер қызмет етеді. Олар қала сыртындағы шағынаудандардағы 40 мыңға жуық тұрғынның денсаулығын қадағалайды. Емхана сәулелік , функционалдық, эндоскопиялық, биохимиялық, иммунологиялық диагностикамен қамтылған.

Облыста денсаулық сақтау саласына айрықша назар аударылып келеді. Соңғы бес жылда 264 жаңа медициналық нысан салынып, ел игілігіне берілген. Биыл 65 медициналық нысанның құрылысы басталды. Оның 53-і облыс бюджеті есебінен тұрғызылуда.