Клиенттерді шарттың негізгі тармақтары, кредит өнімдерін ұсынудағы жетістіктері туралы ақпараттандыру мақсатында, 2014 жылдың мамырынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) сайтына «Қолма-қол кредит» өнімі бойынша жеке тұлғаларға арналған тұтынушылық қарыздың жария шарты жарияланды.
Жария шартта кредиттті өтеу әдістері, сыйақыны төлеу тәсілдері, шартты жасаумен және орындаумен байланысты комиссия түрлері, тараптардың жауапкершілігі және құқығы, есеп айырысуларды жүргізу тәртібі және ҚР Азаматтық кодексында жазылған қарызды алу тәртібін реттейтін басқа да негізгі ережелері сияқты тармақтары көрсетілген.
Дмитрий Яковлев, Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма мүшесі: «Біз әрқашан біздің клиенттерімізде ұсынылатын қызметтерде және пайыздық ставканы есептеу технологиясында күмәндануды тудырмау үшін тырысамыз. Жария шартты орналастыра отырып, құжаттарға қол қою уақытын үнемдеп, біз Банкті клиенттермен ынтымақтасу процесін оңтайландырғымыз келеді. Сонымен клиенттер алдын ала жария шарттың талаптарын оқып, кредитті берген кезде қарыз алушы стандарттың, яғни жария шарттың барлық талаптарын қоса алғанда, бірақ көлемі бойынша ең аз болып табылатын тек қана қосылу шартын жасайды».
Естеріңізге саламыз, «Қолма-қол кредит» 22 жастан жоғары, тұрақты табысын растайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылады. Кредит сомасы 100 мың теңгеден 5 млн. теңгеге дейін 6 айдан 60 айға дейін мерзімге беріледі. Қарыз алу бойынша сыйақы ставкасы 19,5 %-дан, сыйақының жылдық тиімді ставкасы — 22,5 %-дан бастап өзгереді.