«Кселл» компаниясы тұтынушыларын тағы да қуантпақ. Бүгіннен бастап «Кселл» акционерлік қоғамы өз орталықтарында IPhone мобильді телефонын сатуды бастады. Осылайша аталмыш компания Apple корпорациясының Қазақстандағы жалғыз дистрибьюторына айналып отыр.
«Кселл» компаниясы смартфондардың әлемдегі соны үлгілерінің 5-ші нұсқасы — IPhone 5S пен IPhone 5С телефондарының саудасын бастады. Мобильді телефондарға бөліп төлеу қызметі арқылы қол жеткізуге болады. Қазақстан бойынша «Кселл» компаниясының 20 орталығы бар.
Жаңалыққа құштарлығының арқасында «Кселл» өз бәсекелестерінен бір қадам алда келеді. Компанияның білікті қызметкерлері өз тұтынушыларына жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін ұсыну арқылы оларды үнемі таң қалдыруға тырысып отырады. Бұл жолы да клиенттерінің көңілінен шығу үшін IPhone смартфонын сатушы қызметкерлерді арнайы оқытыпты. Ол дегені, осы жерден телефон сатып алсаңыз, соны үлгіні басқарудың қыр-сырын сізге толықтай үйретіп жібереді.
Қыркүйек айында жұрттың көбі күтіп жүрген IPhone-ның жаңа 6-шы нұсқасы шығады. Соңғы үлгі шықты дегеннен телефонды сатып алу үшін «Кселл» компаниясының барлық филиалына асығыңыз.