Кентау қаласында орналасқан мектеп-интернат директоры тәртібі нашар балалардың ішкі тәртібін сақтауды сондағы атамандарға тапсырған. Осыған байланысты директор прокурорлар тексерісінен кейінгі анықталған кемшіліктерді сақтамағаны үшін жұмыстан кетті.
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектеп-интернатының директоры тәртіпті сақтау мақсатында балалар арасындағы бейресми көшбасшылардың заңсыз әрекеттерін қолдап келген. Мектеп «атамандары» сабаққа бармай, өз еркімен мекеме аумағынан тыс жерге шығып жүретіні анық болған. Оған қоса олар мектеп ғимаратында төбелеске бейімделген итті ұстаған. Сондай-ақ, тәрбиенушілер жататын бөлмелерінде жас және жыныстығына қарамастан бөлек жатқызу талаптары сақталмай келгені белгілі болған. Тіпті, тәрбиеленушілердің жүгенсіз кеткені соншалық, полиция қызметкерлеріне мойынсынбай, дене жарақатын салған фактісі тіркеліпті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wpAiixDjlnA[/youtube]