Сол бір сұрапыл жылдары майдан алаңында жаудан елді қорғаған батыр қыз Әлияның бүгінгі толқыны да жоқ емес. Ерлікті ерекше еске алады. Оны насихаттайды да. Мектеп оқушылары өзі ғана емес, отырған көптің де көз алдына қан майданның қаһарын елестетті. Бұдан бөлек олар Отанға деген риясыз құрметке шақыратын патриоттық сарбаздар әнін де шырқады.
Әсел Әжібаева, №74 мектептің оқушысы: «Мен қазір «Сарбаздар» әнін орындап шықтым. Керемет әсер алдым. Отырған сарбаздар да қосыла кетті. Мұндай демеу бар кезде өнерімді ойымдағыдай көрсете алдым деп есептеймін. Болашақта мұғалім мамандығым таңдаймын. Шәкірт тәрбиелеп, елімнің болашағына өз үлесімді қосқым келеді.»
Қаламыздағы мектептердің шәкірттері осылайша өзара ән салып, патриоттық тақырып бойынша сайысқа түсті. Жеңістің 69 жылдығын тойлады. Ал Қазақстанның қарулы күштеріне қарасты әскери-техникалық мектеп сарбаздары мен өзге де мектеп оқушылары және көрермендер жастардың патриоттық сезімін саралады.
Жандос Үсенов, әскери-техникалық мектептің сарбазы: «Замандастарымның бүгінгі кешін тамашалап, тәнті болдым. Әрине, соғыс ардагерлеріне деген құрмет пен ықылас әрдайым біздің жанарымыздан өшпеуі керек. Ал менің ойымша, нағыз патриот — елінің қамын жеген азамат. Менің арманым — болашақта қарулы күштердің қатарындағы шенді азамат болу.»
Арнайы шара аясында мектеп оқушылары Ұлы Жеңістің 69 жылдығы құрметіне орай кітап көрмесін ұйымдастырды. Ал бұл жолғы патриоттық сайыстың соңы достық ұранымен тәмамдалды. Бастаманы қолға алған облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы ашық аспан астындағы мерекелік шара келер жылы, Жеңістің 70 жылдығында жалғасады деп отыр.