Отырар ауданында үшем дүниеге келді. Күні кеше Арыс ауылында үшем дүние есігін ашты. Тәуелсіздік алғаннан бері Отырар тарихында алғаш рет үшемдерді дүниеге әкелген ата-анасын аудан әкімі С.Полатов арнайы барып, құттықтады.
Аман, Есен, Тұрсынай есімді үшемдердің қазіргі жағдайы жақсы. Алты баланың ата-анасына аудан әкімі еліміздің ертеңі болатын осы сәбилердің денсаулығы мықты, елімізге танымал ер-азаматтар болып өсе беруіне тілектестігін білдіріп, үшемдердің анасына аудан әкімдігі және «Заречное» АҚ-ның атынан қаржылай сый-сияпат көрсетті.
Дереккөз: Отырар ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі