Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінің жаңа ғимараты ашылды. Дамыған техология мен заманауи талапқа сай оқу орынның осы бөлімімен танысуға Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, шетелдің беделді жоғарғы оқу орындарының педагогтары арнайы келіпті. Қонақтар бұдан бөлек білім ордасының құрылтайшысы, ардақты ұстазы болған марқұм Бахтияр Юнусовтың 60 жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Құрылысы бірнеше жылға созылған білім ордасының қоныс тойына келген қонақтар ақ тілегін айтып, құттықтауларын жеткізді. Ал мәртебелелі таспаны кесу облыс әкімінің орынбарасы Әли Бектаевқа бұйырды.
Ресми ашылу салтанатынан соң қонақтар 4 қабатты ғимараттың дәрісханаларымен танысты. Заманауи жабдықпен жарақталған сынып бөлмелеріне шетелдік әріптестері де тәнті болды.
Мадияр Юнусов, ҚИПХДУ президенті: «Біздің ойлағанымыз — тек алға жылжу, даму жолына түсу. Халықаралық деңгейдегі дамыған, беделді университеттердің қатарынан орын алу. Сол үшін еңбек етіп келеміз.»
Бұдан соң жиналған топ университет құрылтайшысы, марқұм Бақтияр Юнусовтың құрметіне арналған ғылыми-кеңеске қатысты. Айта кетейік, конференцияға Мәскеу, Мысар, Түркия, Қырғызстан елдерінен профессор-оқытушылар арнайы келген.
Наср Махмұд Уахдан, профессор: «Кеңестен алған әсерім керемет, жаңа бағдарламаларды үйренуге болады. Тәжірибелі маман ретінде университетке тәнтімін. Шәкірттердің арасынан кез келген ұлттың өкілін көруге болады. Сабақ өту тәсілдерінен де алар дүние көп.»
Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университтетінің 22 жылдық тарихы бар. Бүгінде ЖОО-да 30 мамандық бойынша 13 мыңнан астам студент білім алып келеді.