Шымкентте көлік зауыты ашылуы мүмкін

634

Оңтүстік Кореяда өткен Оңтүстік Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері көрмесінде 20-дан астам отандық және 100-ден астам оңтүстіккореялық бизнесмендер қатысты. Форум аясында оңтүстікқазақстандық «ЖилСтройИндустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен кореялық «Seolim Trading» компаниясы арасында «Daewoo» автокөліктерінің бөлшектерін шығару жөніндегі кәсіпорын тұрғызу жөнінде келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері «Hyundai Materials» корпорациясының өкілдерімен кездесіп, Шымкент қаласында металл өнімдерін шығару, арнайы техникаларды өндіру және құрау жөнінде әріптестік байланыс орнату жөнінде уағдаласты. Сонымен қатар «ЖилСтройИндустрия» ЖШС «Daedong Industrial» компаниясымен бірлесе отырып, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникаларын шығару туралы келісімге келді.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі