Шымкентте төтенше жағдай жарияланды

396

Шымкентте дауыл 4 күннен бері тыйылмай тұр. Осыған байланысты қалада төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қалалық әкімдік пен төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметтері хабарлады. Қала әкімдігі мен төтенше жағдай департаменті жанынан құрылған арнайы штаб күні-түні кезекшілік етеді. Осыған байланысты қоғамдық іс-шаралар да уақытша тоқтатылған. Саябақтар жабық.

vlcsnap-2014-05-12-17h57m30s46

001 (3)

 

Үш ауданда апаттық топтар құрылды. Сондай-ақ, қаладағы барлық саябақтар мен саяжолдар да жабық. Сақтық шарасы ретінде қала сыртындағы шағынаудандардың басым бөлігінде электр жарығы сөндірілген. Қала әкімдігі мұндай қолайсыздыққа тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұрап отыр.

Бейсенбек Жанбосынов, қала әкімінің орынбасары: «Үш ауданда да штаб құрылды. Апаттық жағдайдағы топтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін қалада дауылға байланысты бір адам өлімі тіркелді. «Нұрсәт» шағынауданындағы 5 көпқабатты үйдің шатыры ұшып кетті. Сондай-ақ, екі әкімшілік ғимарат шатырсыз қалды. Оның бірі «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ғимараты болса, екіншісі — политехникалық колледж. Әсіресе, көліктерді ағаш басып қалу оқиғасы жиі тіркелуде. Сондықтан көлікті ашық жерге қоюларыңызды сұранамыз. Зақым келген көліктің шығынан сақтандыру компаниялары өтеулері тиіс.»

1795550_585667464864761_7954105338332868164_n

001 (1)

001 (2)

10303768_585667234864784_7481480665383764651_n

Жауапты саланың қызметкерлері хабарласқан барлық адамдарға көмек беріп үлгере алмай жатыр. Электр жарығы көп жерде жоқ. Соның кесірінен көшелердің қиылыстарындағы бағдаршамдар істемей, көлік кептелісі жиі орын алуда. Ағаштар құлап, көліктерді басқан бірнеше оқиға тіркелді. Үзілген сымдар мен ұшқан шатырлар көп.

10308364_585667031531471_8602576641753270018_n

10334356_585666944864813_3833669524226502751_n

10325405_585667404864767_7419299683767249902_n

10341862_585667448198096_6397538073273669046_n

10369194_585667428198098_4239851667223135785_n

10371486_585666974864810_523911186460817627_n

Осыған байланысты төтенше жағдай департаменті облыс тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады. Алдағы күндері жел бұдан да күшейіп, жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам бар.

Фотолардың авторы —  Өмір Шыныбекұлы