Дауыл әбігерге салды

281

Шымкентте мамырдың 10-на қараған түні басталған дауылды жел тұрғындарды есеңгіретіп тастады. Аудандарды айтпағанда, облыс орталығының көп аудандарында жарық сөніп, жұрт қиналып қалды. Мысалы, Нұрсәт шағынауданы мен Жаңаталап ауылының тұрғындары 12-14 сағат бойы электр энергиясы болмады деп, тілшілерге қоңырау шалды. Жауылдың салдарынан көшелерде де бағдаршамдар істен шығып, талай көліктердің соқтығысуына себеп болды. Құлаған, сынған ағаштарда да есеп жоқ. Орталық көшелерде билбордтар мен жарнама маталары жыртылып, ұшып кетті. Қатты желге сапасыз қағылған үй шатырлары да шыдас бермеді.

001

Аз ғана уақыттың ішінде диспечерлік қызметегілер бірнеше сауалға жауап беруге мәжбүр болып отыр. Ал жел тұрған күндері қоңыраудың саны күрт көбейеді. Көпшілігінің шағымы жиі сөнетін жарықа қатысты болады. Бір күнде 80 арыз түссе, оның 60-сында халық электр энергеясының жоқтығына шығымданған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=c__o723nxC4[/youtube]

Сондай-ақ, шаһар көшелерінде 9 тал құлаған. Жарық таратушылар үзілген сым мен бағаналарды қалпына келтіріп, үлгере алмай жатыр. Бағдаршамдардың да қирап, жанбай тұрғаны жеткілікті. Салдарынан қалада көлік қозғалысы қиындап кетті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yho60LlHsqA[/youtube]