Шымкентте дауылды желге байланысты жарияланған төтенше жағдай мерзімі тағы бір күнге ұзартылды. Себебі, ауа райын болжаушылар желдің қайта тұруы мүмкін деген ақпарат таратқан. Соған байланысты 14-мамыр күні мектеп пен балабақшалар жұмыс істемеді.
Қазігі таңда арнайы құрылған комиссия табиғаттың тосын мінезінен келген зардап пен шығынның мөлшерін есептеуге кірісіп кетті. 20 қызметкерден тұратын комиссия мүшелері алдымен «Нұрсәт» шағынауданында болды. Кешегі дауылдан осындағы 25 көпқабатты үйге шығын келген. Мамандар барлық зардапты сараптан өткізіп, тез арада бұзылғын шатырларды қалпына келтірмек.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bRk6rFvbl14[/youtube]
Түрлі дәрежеде бүлінген білім мекемелерінің ұжымдары өз қолдарынан келгенін аянып жатқан жоқ. Екі күн бойы өтілмеген сабақтар оқушылардың үлгеріміне кері әсері етпеуі тиіс. Ал 14-мамыр күні түс ауа жел қайта күшеюі ықтимал деген мамандар алдын алу шараларын қолданыпты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8FRAF-5o3xE[/youtube]
Жалпы, 5 күн тұрған дауылдан бүлінген 41 бағдаршам қалпына келтіріліп, құлаған 109 ағаш көшеден алынды. Жол жиегіндегі жарнамалар жаңартылып, жарығы жоқ үйлердің біразына электр энергиясы қайта беріле бастады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BTHw8WyAb64[/youtube]