Сәуір айынан бастау алған «Студенттік көктем — 2014» облыстық дарынды жастар фестивалі өз мәресіне жетті. Оқу жылында үздіктер сапынан табылу студенттерге оңайға түскен жоқ. «Шынықсаң, шымыр боласың» сайысы нағыз толағайларды анықтаса, «Көркемсурет», «Дизайн», «Көркем сөз», «КТК ойынындары» сайыстары шығармашыл жастардың қиялдарына қанат бітірді.
«Студенттік көктем» фестивалі аясында отыз шақты жоғары оқу орнының студенттері 1 ай бойы өз дарындарын өнерлерін сынаған болатын. Ал сайысты қолға алған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының айтуынша, бүгінде талантты ғана емес, білімді жастолқынға да үлкен жағдай жасалып отыр.
Болат Жанәбіл, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары: «Өнерлі жастарға түрлі республикалық додаларға қатысып, өнерін шыңдауға көмектесіп жүрміз. Ал білім мен ғылымға құштар жастар үшін жыл сайын «Жас ғалым» ғылыми еңбектер сайысы өтеді. Жеңімпазға 750 мың теңге қаржылай сыйақы тағайындалған. Бұған қоса, жеңімпаз республикалық, халықаралық конференцияларға қатысуға мүмкіндік алады.»
Қайрат Түнтеков: «Стуенттердің алдына шығып, ән салған кезде, көз алдыма өзімнің жастық шағым оралды. Майонез, бір бөлке нан мен жылдам әзірленетін қытайлық тағамды есіме алдым. Алматыда оқып жүргенде атағым шығып қойса да пәтерде тұрдым ғой. Сол кездерді қазір сағынамын, қызық еді бәрі. Мен ән жағынан үздік болған шығармын, бірақ, үздік студент болдым деп айта алмаймын. Біз, шымкенттіктер, тез тілтабысып кетеміз ғой, үйтіп-бүйтіп сессияларды тапсырып, диплом алып шықтым. Есесіне, қазақ эстрадасына өз үлесімді қосып жүрмін деп айта аламын. Қазіргі арманым — қазақтың атын шетелге шығару.»