Түнгі клубтағы атыс

228
Ұсталғандар

Шымкенттің полиция қызметкерлері түнгі клубта орын алған атысты әшкереледі. Полицияның кезекші бөліміне 102 нөмірі бойынша қаланың бір тұрғыны хабарласып, көмек сұрайды.

Ұсталғандар
Ұсталғандар

Айтуынша, белгісіз біреулер өзін атып кетіпті. Айтылған жерге келген полиция қызметкерлері бірнеше жігіттің арасында төбелес болғанын анықтайды. Екеуі таяқ жеп, қашып кетеді. Бірақ, көп ұзамай қару алып, клубқа қайтып келіпті. Сөйтіп, өздерін ұрып жібергендерді іздеп табады. Көрген сәтте атып жіберіпті.

Күдіктілер сол күні-ақ ұсталды. Оларды қолға түсіруге сыртқы бейне-бақылау камерасының көмегі тиген. Күдіктілер — Ордабасы ауданы мен Алматы қаласының тұрғындары. Жастары жиырмадан енді асқан. Олардың бірі тапаншамен әдейі атқан жоқпын деп ақталады. Айтуынша, шүріппе басылып кетіпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Q5yDHCYLInk[/youtube]

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде тапаншаны тәркілеп алды. Қазір күдіктілер қамауда жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.