Түркістанда қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

265
Шұғыл түсірілім

Түркістан қаласының полицейлері қарақшылық шабуыл жасап, 12,5 миллион теңгені ұрлаған қылмыстық топты қолға түсірді. Сол күні бір үйдің иесінің тойға кеткенін білген қарақшылар бетперде киіп, үйге басып кіреді. Қолдарында тапанша, шолақ мылтық, пышақ және темірден жасалған шоқпар болған. Олар үй иесінің әйелі мен оның 21, 17 және 9 жасар үш баласын жіппен байлап тастаған.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Күдіктілердің бірі әйелдің үлкен қызының мойнына қолындағы пышақты тақап, үйдегі бар ақша мен алтындарды беруді талап еткен. Содан кейін қарақшылар үй ішін тінтіп, жалпы сомасы 12,5 миллион теңгенің алтын бұйымдары мен бар ақшаны алып кеткен.

Осы істі ашу үшін арнайы топ құрылады. Полицейлер мұқият жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 7 адамды ұстады. Олар Түркістан қаласының 6 тұрғыны мен 53 жастағы Қызылорда облысының азаматы болып шыққан. Жергілкті жас жігіттерді осы іске айдап салған қызылордалық азамат мұндай қылмыстарды бұрындары бірнеше рет ұйымдастырған дейді тәртіп сақшылары. Айғақты зат ретінде сезіктілерден  Toyota Camry маркалы автокөлікті, 2 миллионнан астам теңге және ұрланған алтындардың бір бөлігін тәркілеп алды. Қазіргі таңда аса ірі көлемдегі ұрлық және қарақшылық шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-8wm6XzU_os[/youtube]