«Шымкент жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйтқы болуымен қаламыздың белсенді жастары 9-мамыр — Жеңіс күніне орай тазалық жұмыстарын жүргізді. Жастар Әлия Молдағұлова мен Бауыржан Момышұлы атамыздың ескерткіштерін жуып, айналасын ретке келтірді.
«Іс-шараның басты мақсаты — жастардың патриоттық сезімін, елге жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Қазір «Мейірімді топтар» құрылып, олар соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, жер аударып, басқа да шаруаларына көмектесуде» дейді «Шымкент жастары» мекемесінің директоры Абзалбек Убелтаев. Мұндай игілікті істер тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл бойы жалғасын тапса деген тілек бар.