Қайнар бұлақ саяжайының тұрғындары көшеге зәру

1067
қазылған жолдар

Мүйіз сұраймын деп, құлақтан айырылды. Қайнар бұлақ саяжайындағы Мехзаводской көшесінің тұрғындары осындай жағдайды бастан өткерудеміз деп шағымданып отыр. Тұрғындардың айтуынша, ауызсу құбырын жүргізген мердігер компания көпшілік жүретін жолдың астаң-кестеңін шығарып кеткен. Жауын-шашын болса көше көл-дарияға айналады, ал аптап ыстықта шаң-топырақ көкке көтеріледі. Салдарынан балалар мен зейнеткерлер көшеге шығудан қалыпты.

қазылған жолдар
Жолдың қазіргі сыйқы

Людмила Халатова, тұрғын: «Бұл көшемен жүрудің өзі қауіпті. Балаларымызды көшеге шығаруға қорқамыз. Жолдың жайсыздығын айтпағанның өзінде анау су құбыры жүргізілген құдықтар ашық-шашық жатыр. Егер соның ішіне кішкентайлар түсіп кетсе, бақиылық болады. Ақыры жұмысты бастаған соң, аяқтаулары керек қой?!. Әр құдықтың басына суды есептеу құралын орнатсын!»

Тұрғындар жолдың жөнделгенін қалайды

Ал су құбырларын жүргізген «Стройжилсервис» ЖШС жолдың ертеңіне-ақ жөндеп кеткенбіз деп ақталды. Мердігер компания басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта Қайнар бұлақ саяжайының өзге де көшелеріне ауызсу құбырлары тартылып жатыр. Жуырда бұдан бөлек 7000 үйге ауызсу беріледі екен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KLuOQspNPnw[/youtube]

Бахадыр Мырзалиев , «Стройжилсервис» ЖШС учаске басшысы: «Біз қазір 6 көшеде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірақ, көшелер тар, халыққа шамалы ыңғайсыздық туғызып жатыр. Оның барлығы уақытша нәрсе, қазір оның бәрін реттеп жатырмыз. Өткенде жауын-шашын болып еді, сол кезде су тасып кеткен шығар?! Халыққа әзірге сабыр сақтауға тура келеді.»