Жаңалықтар 

Үш шақырым жылу құбыры жаңарады

«Қыс шанаңды жаз сайла». Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мамандар, әсіресе, үлкен диаметрлі жылу құбырларының жаңаруына көңіл бөлуде. Жылу желілерінің үлкен жөндеуі Гагарин көшесінің бойында жүріп жатыр. Мұндағы құбырлардың тозғанына жарты ғасырға жуықтаған. Енді жол бойындағы жылу магистралінің 1 шақырымы жаңарады. Бұл маусымда Шымкент шаһары бойынша жылу магистралінің 3 шақырымы жаңармақ. Бұл Гагарин, Абай, Матросов және Әлімқұлов көшелеріндегі жылу құбырлары. Жылу магистральдарынан бөлек, ішкі орамдық жылу жүйелері де кезекті жөндеуден өтіп жатыр. Нұрлан Жаманкөз, қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі: «Жергілікті бюджеттен ішкі орамдық жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстарына 160 миллион…

Read More
Жаңалықтар 

Оразаның 1 күндік қарызын 60 күн өтейсіз

28- маусым басталатын оразада оңтүстік халқы таңғы сағат 3:37 де ауыз бекітеді. Рамазан айы 30 күнге созылып, 27-шілде де аяқталмақ. Күннің аптап ыстығына тура келген биылғы оразада жұмыс барысымен қатты шаршаған азаматтар таңда тұрып, сәресіні ішуге ерінбегені жөн дейді діндарлар. Тым болмағанда ауыз судан бір ұрттап, жаратушыға разышылығын білдіргені абзал. Осы орайда республикамыздың бас мүфтиі қалың жамағатқа үндеу жариялады. Онда ол мұсылман бауырларды рамазан айында шүкіршіл болуға шақырған. Бейбіт Мырзагелдиев облыстың бас имамы: «Алла разышылығы үшін сауда істеп жүрген кәсіпкер азаматтарымызға айтарымыз, осы қасиетті рамазан айында Алла разышылығын үміт еткен…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстіктің ет экспорттауға мүмкіндігі бар

Оңтүстікте 1 миллиондай ірі қара, 4 миллион қой мен ешкі, 190 мың жылқы мен 50 мың түйе бар. Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің пайымына сәйкес, өлкедегі төрт түліктің саны көбейтіліп жатқан жоқ. Өйткені, тұяқтыға жайылымдық жер жетпейді. Сондықтан олардан алынатын өнімділікті екі есеге арттыру үшін етті және сүтті бағыттағы бағдарламалар жұмыс істеп жатыр. Сүтті бағытта да жетістік көп. Қазір мамандар тәулігіне 10 литрдей сүт беретін бір ірі қарадан 20 литр сүт алудың қамына кірісіп кеткен. Тек көп істің өркендеп сала беруіне кедергі болып жатқан бір себеп — ол ауылдардағы құдықтардың құрып…

Read More
Оқыс оқиға 

Жол-патрульдік полициясы инспекторларына қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте жол-патрульдік полициясы полкінің инспекторларына қылмыстық іс қозғалды. Оларға «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану салдары адам өліміне алып келді» деген айып тағылды. Қаладағы дәмханалардың бірінен футбол көріп шыққан азаматты сақшылар тоқтатып, оны күш қолданып арнайы көлікке мінгізген. Алайда одан орда бұзар 30 жастағы жігіттің тек мәйіті ғана түсіпті. Маусымның 21 нен 22-не қарған түні тойдан шыққан жігіттер футбол тамшалауға дәмханаға барған. Ол жақтан танысын кездестірген Тұрдықұлов Ғұламжан оны үйіне жеткізіп салып, өзі көлігімен үйіне қайтып бара жатқанда оны арнайы көліктегі тәртіп сақшылары мәжбүрлеп тоқтатқан. Сол уақытта қасында болған күәгерлердің айтуынш полиция…

Read More
Жаңалықтар 

Нұржамал Үсенбаева туған жерінде ән салды

ҚР Халық әртісі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты , «Құрмет» орденінің иегері Нұржамал Үсенбаева туған жерге сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізді. Бүгінге дейін талай белесті бағындырған өнер жұлдызы осылайша туған жердің жұртшылығына есеп берді. Шығармашылық кеште бекзат өнердің кәсіби, талғампаз әншісі қазақтың туындыларынан бөлек, әлем операларын да шарықтата  шырқады.   Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнімен әнші осы сахнада жерлестерімізді ғана сусындатқан жоқ, бүгінге дейін әлемді мойындатты. Сондықтан бұл ән Нұржамал Үсенбаеваның да өнердегі бойтұмарына айналған. Біздің ғана емес, көршілес елдердің де халық әртісі атағымен марапатталған өнер иесінің сахналық өміріне биыл — 30 жыл. Бұған…

Read More
Жаңалықтар 

Мемлекеттік қызметкерлер сахнада өнер көрсетті

23- маусым мемлекеттік қызметкерлер күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2002 жылы бекіткен дата елімізде биыл алғаш рет аталып өтілуде. Бүгінде республика көлімінде 90 мың мемлекеттік қызметкер бар. Олардың 49 мыңын нәзік жандылар құрайды. Билік өкілдігіне ОҚО-да 8 мыңнан астам адам қызмет атқарады. Олардың бір жарым мыңнан астамы жастар. Бұл өлкеміздегі жалпы көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Қазіргі таңда өңірімізде 400-ге жуық мемлекеттік қызмет бос тұр. Бұл ауылшаруашылығы мен техникалық мамандардың тапшылығынан орын алып отырған жәйт. Ал мемлекеттің қызметкерлердің мәселесі көбіне халықтың талап-тілегін уақтылы қарамауынан тәртіптік кеңесте талқыланады екен. Берік Бекжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет…

Read More