Жаңалықтар 

Қазығұрттықтар жайылымнан айрылып отыр

Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл әкімдігі округіне қарасты Қазақстанның 20 жылдығының тұрғындары жайылым жерінен айрылып отыр. Жергілікті азаматтың бірі жерге құжатым бар деп, оны өзі пайдалануға көшкен. Ал ауылдың тұрғындары қордағы малын қайда жаярын білмей дал болып отыр. Жеті жүзден аса тұрғыны бар ауылдың жан бағуда негізгі кәсібі — мал шаруашылығы. Он баланың анасы, 70 жасқа таянған Ұлбала Бекжанованың жанұясы мемлекеттен несие алып, құрт, майымен кәсібін дөңгелетіп отырған отбасы. Бекжанова Ұлбала: «Он сиыр сатып алған едік. Енді соны жаятын жер жоқ. Қайтіп жаямыз, солардың төбесіне жаямыз ба?» Тұрғындардың айтуы бойынша, ауыл…

Read More
Жаңалықтар 

Түркі тілдес елдердің кеденінде кедергі болмауы тиіс

Түркі тілдес Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан мен Түркия мемлекеттерінің кеден қызметінің басшылары кездесті. Үшінші рет бас қосқан жиында халықаралық сауданың даму сатысы, бәскелестікті арттыру және кеден органдары қызметтерінің тиімділігі бойынша мәселелер сөз болды. Түрік кеңесінің секретариаты осыдан 5 жыл бұрын құрылған болатын. Содан бері түбі бір түркі жұртының кедендік мәселедегі түрлі қиындықтары осындай басқосулар нәтижесінде шешіліп келеді. Алғашқы кеңес Әзербайжанда өтсе, екінші кеңес көрші қырғыз елінде өрбіді. Бүгінгі үшінші жиында да қаузалар бас тақырып біреу. Ол — кеден саласындағы ынтымақтастықты арттыру. Абзал Сапарбекұлы, Түрік Кеңесі секретариаты бас директорының орынбасары: «Түркия мемлекеті…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте «Бабалар аманаты» ұлықталды

«Бабалар аманаты». Шымкентте осындай тақарыптағы тарихи-танымдық жобаның тұсаукесер кеші өтті. Тек жергілікті өнер иелерінің қатысуымен өткен халық өнерін тамашалауға келген көпшіліктің қарасы қалың болды. Жандос Мырзабек халық қазынасын нақышында шарықтата шырқады. Қазақтың дархан даласының мәрттігі көрініс тапқан жыр-термелерді көпшілік те үлкен әсермен тыңдап отыр. Жас өнерпаздың айтуынша, сахнадағы діттегені де — осы. Шығарамны халықтың жүрегіне жеткізу. Жандос Мырзабек, әнші-термеші: «Алтай әндерімен аралас туындыларды, халық әндерін орындадым. Көпшілік маған демеу беріп, қол соғып отырды. Мұның өзіне айтар алғысым шексіз. Алдағы мақсатым — халық арасында орындалмай кеткен шығармаларды жарыққа шығару, жаңғырту.» Ширек…

Read More
Жаңалықтар 

Халық рұқсатсыз электр бағанасын тартуға қарсы

«Тұрлан» шағынауданының тұрғындары үй іргесінен тартылып жатқан электр бағаналарын орнатуға қарсылық білдіріп, шу көтерді. Олар мұндағы аулада ойнайтын балалары үшін алаңдайтынын айтады. Онсыз да электр желілерімен қоршалған үйдің бүгінгі жағдайы адам төзгісіз күйге жетті дейді халық. Олар ендігі жерде балалар алаңшасының үстінен өткелі жатқан желіге жол бермейміз деп бекініп отыр. Майра Ахметова, № 13 үйдің тұрғыны: » Біздің үйдің сыртынан да мұндай желі жүрген. Мұны жүргізген кезде біздің үйдің бір тұрғыны білмеген. Енді алдымыздан жүргізіп жатыр. Сонда біздің балаларымыз, жаңағы, зообақтағы аңдар сияқты болайын деп тұр. Е артқа шығып ойнай…

Read More
Жаңалықтар 

Облыстық Х дельфийлік ойындар аяқталды

Оңтүстік өрендері өнерлерімен тәнті етті. Х дельфийлік ойындары облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жүзден жүйрік танылған жас таланттарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жеңіс төрінен қара домбырада күмбірлете күй шертіп, халық қазынасын дәріптеген Нұрсұлтан Оразтаев та көрінді. Саз колледжінің студенті 1-орыннан көріну басты мақсаты болғанын айтады. Нұрсұлтан Оразтаев, жеңімпаз: «Дәл қазіргі әсерім — үлкен толқыныс үстінде тұрмын. Себебі 1-орынды жеңу арман деп ойладым. Енді, міне, сол орынды иемдендім. Алда енді Орал қаласынан да жеңіспен оралғым келеді. Домбыра өнері — мен үшін жәй ғана қызығушылық емес, ол менің өмірімнің бір бөлшегі.…

Read More
Жаңалықтар 

Функционалдық сауаттылық — сапалы білім берудің кепілі

Функционалдық сауаттылық — сапалы білім берудің кепілі. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы осындай тақырыпта 16-шы ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Теорияны тәжірибеге ұштастыру арқылы оқушының зейінін арттыратын білім берудің соны жүйесі 2016 жылға дейін толық жүзеге асуы тиіс. Жаттанды білім жарға жығады. Егер бойыңдағы ілімің күнделікті өмірде қажетіңе жарамаса, ол білімнің керегі не? «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 16-шы басқосуындағы талқыға түскен бас тақырып осы болды. Нәтижелі білімге қол жеткізген ұстаздар да назардан тыс қалған жоқ. Білімін күнделікті өмірде кәдеге асыруды үйреткен мұғалімдер ел алдында еленіп, құрметке бөленді. Дегенмен, функционалдық білім беру…

Read More