Жаңалықтар 

Транзиттік нөмірлері жоқ көліктер анықталды

Су жаңа «Дэу» автокөліктері ақылы тұраққа жабылды. Елуге жуық жаңа автокөліктер Шымкенттен Ақсукент елдімекеніне әкетіліп бара жатыр екен. Түнгі уақытта жолға шыққан автокөліктерді жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері анықтап, жаңа автокөліктерді ақылы тұраққа жапты. Тұраққа жиналғандардың барлығы — жалдамалы жүргізушілер. Олардың қолдарында бір ғана сенімхат бар екен. Осы құжатпен еш кедергісіз көліктерді жүргізіп келгенбіз дейді. Ал тәртіп сақшылары бұған дейін де мұндай факті болған деп отыр. Ақылы тұраққа қойылған автокөліктерді тізгіндеген жүргізушілердің барлығына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Read More
Жаңалықтар 

Автобус апатынан зардап шеккендер жазылып келеді

Автобус аударылып, ауруханаға түскендердің жағдайы жақсарып келеді. Еске сала кетейік, №19 бағыттағы қоғамдық көліктің тежегіші істен шығып, Аймауытов көшесінің бойында аударылып кеткен болатын. Соның салдарынан автобус ішіндегі 15 адамның алтауы ауруханаға жеткізілген. Жарақат алғандардың арасында үш бала бар. Дәрігерлер нейрохирургия бөлімшесінде қалған 4 науқасты жақын күндері үйлеріне қайтарамыз деп отыр. Апат салдарынан жарақат алған жолаушылардың бүгінгі жағдайын жолаушылар тасымалдаушы компания өкілдері келіп сұрамаған екен. Тек сол көлікті басқарған жүргізушінің анасы екі рет кешірім сұрап келіпті.  

Read More
Жаңалықтар 

Тәртіп сақшысын қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Ішкі істер департаментінің дәл алдында тәртіп сақшысын көлік қағып кетті. Жаяу жүргінші жүретін жолақтан өтіп бара жатқан азаматты қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Бір қызығы, оны жол сақшылары емес, оқиғаны көрген жүргізушілер қуып жүріп ұстап алған. 42 жастағы сақшы облыс орталығына іс сапар мен келген. Кентаудан келіп, енді көздеген жеріне жетіп қалғанда оны «Дэу Магнус» автокөлігі соғып кетеді. Майор шенді қызмекеткерге дәрігердердің көмегі қажет болған. Жүргізуші оқиға орнынан бой тасаламақ болған екен. Дегенмен, ол ойы іске аспады. Қашпақ болған жүргізушіні басқа жүргізушілер ұстап, ішкі істер органы қызметкерлеріне тапсырған. Қолға…

Read More
Жаңалықтар 

Бозбаланы атып өлтіргендердің соты басталды

Бүгін Шымкентте адам өлтірді деп айыпталған 5 бірдей жасөспірімге қатысты сот отырысы басталды. Облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотта жәбірленушілер, куәгерлер мен айыпталушы тараптың өкілдері шақырылды. Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың қаңтар айында қаламыздағы Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында «Тойота карина» автокөлігін тізгіндеген студенттер сырттағы топ боп тұрған құрдастарына оқ атқан. Соның салдарынан оқ тиген бозбаланың бірі оқиға орнында көз жұмып, екіншісі жарақат алып, ауруханаға түскен болатын. Араға бір сағат салып, полицейлер күдіктінің автокөлігін қаламыздағы шағынаудандардың бірінен тапқан еді. Көліктен атылған оқтың гильзасы табылған. Осы оқиғамен бес ай бойы айналысқан тергеушілер қылмыстық істі…

Read More
Жаңалықтар 

Әскерилер балғындарға қуаныш сыйлады

«Балаларға бақытты болашақ сыйлайық!» Шымкенттегі 55/652 әскери бөлімінің жетекшілігі ата-ана қамқорлығынан мақұрым қалған балаларды «Оңтүстік цирктің» кезекті қойылымына апарып, көңілдерін аулады. Жабайы табиғаттың серкелері сес көрсетіп, ақ пен қара шайқасқан бұл қойылым да әділеттілік пен ақ сезімді үгіттейді. «Оңтүстік цирктің» өнерлі ұжымы бұл маусымда кішкентай балғындарды «Джунгли» табиғатына саяхаттатып, акробаттардың таң-тамаша өнеріне сүйсіндірді. Карина Ли, №3 балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Мен сахнада қыздар билегенін көрдім. Осы жаққа мені аға-әпкелер шақырды. Маған цирк қатты ұнап кетті. Менің көңіл-күйім көтеріңкі болды. Маған сайқымазақтар және қыздардың билегені ұнап қалды.» Шымкенттегі №3 балалар үйінің 70 тәрбиеленушісіне мұндай қызықты…

Read More
Жаңалықтар 

Нан бағасы тұрақтала бастады

Шымкентте нан бағасы қайта қалпына келе бастады. Осыған дейінгі жаңалықтарымызда айтқанымыздай, ас атасының құны бір күнде 15 теңгеге қымбаттап кеткен болатын. Мұның себебін жергілікті шенеуніктер тікелей ұн жеткізуші оператордың наубайханаларға 97 миллион теңге көлік шығынының уақтылы төленбеуінен деп түсіндірді. Аяқ астынан қала дүкендерінде 50 теңгеден сатылған әлеуметтік нанның нарқы қазір түсті. Ас атасы бүгін қайта 35 теңгеден сөреге шығарылды. Дегенмен, кейбір сауда нүктелерінде құнды тағам 40 теңгеден де сатылып жатыр. Мұның мәнісін шенеуніктер өткен тәуліктерде нарықтық бағада алынған ұн бағасымен байланыстырып отыр.

Read More